Мәдениет - мәселеніңшешімін табатын қүрал
Тропикалық орманда түрса да, Нью-Йорк, Лондон, Токио сияқты ірі
қалаларда түрса да бүкіл адамзатқа ортақ проблемалар бар. Олардың
бәрі тамақтануы керек, қауіп-қатерден (көбінесе бір-бірінен) қорға-
нуы керек және бәрі балаларын өмірден өз орнын тауып, іздерін жал-
ғайтындай етіп өсіруі керек. Бұл проблемалар жалпыға ортақ бол-
ғанымен адамдардың қабылдайтын шешімдері тым әркелкі болып
келеді. Мысалы, Тробриан аралдарында әдетте балаларды тәрбиелеу-
ге анасының ағасы жауапты болады, ал америкалықтарда нағашы
ағаларға мұндай жауапкершіліктің жүктелуі өте сирек кездеседі.
Адамдар қайталанып отыратын проблемаларға тап болған кез
де мәдени үлгілер оған дайын жауап ұсынады. Бұл ең дұрыс әрі ең
әділ жауап осы деген сөз емес, мәдениет жалпыға ортақ осындай
сұрақтарға жауап іздегенде ғана стандартты үлгілерді ұсынады.
Конфликт теориясы мен құрылымдық-функционализм арасында-
|