Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет143/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   870
Мәдениет -  салыстырмалы  шама

Әрбір мәдениеттің шығарған шешімі бір-бірінен мүлде өзгеше болуы 

мүмкін. Мысалы, христиандардың көбі өлген адамньщ денелері «қа- 

сиетті» жерге көмілуі керек деп санайды, ал тибеттіктер өлген адам­

ньщ  денесін  таудың  шыңына  апарып,  бөлшектеп,  қүзғын-қарғаға 

жемтік қылған дұрыс деп есептейді.

Тибеттегі  осы  «аң-құсқа  жем  қылу»  тәжірибесі  дұрыс  па,  бүрыс 

па? Бүл сұраққа осы тәжірибе тибет мәдениетінің бүгінге жеткен үл- 

гісімен қаншалықты  үйлесетінін  білу арқылы  ғана  жауап  бере  ала- 

мыз.  Тибет  мәдениеті  ағашы  селдір,  суы  аз,  қатқақ  жерде  дамыды. 

Сондықтан мәйітті өртеу де, кому де қиын, тігіті мүмкін емес болатын. 

Сонымен  бірге тибет буддистері адамның қайта  тууына  (реинкарна­

ция) және жаны шыққаннан кейін дененің қажетсіз  болып  қалаты- 

нына сенді. Олар сондай-ақ барлықтіршілік иесіне жанашырлықпен 

қарау керек деп есептейді, сондықтан құзғындарды да қоректендіру 

қажет.  Бұл -  ресурстарды тиімді пайдалану болып саналады.  Қалай 

болғанда  да,  өлік жөнелтудің осы  рәсімі Тибет тұрғындарының  бұл 

проблеманы оң шешуіне, сөйтіп, тұрақты қоғам құруына көмектесті. 

Сондықтан  қүрылымдық  функцияшылдар  бұл  тәжірибе  нақты  пай- 

даға асқандықтан жақсы жүмыс істеп түр деп санайды.

Конфликт  теориясының  өкілдері,  керісінше,  мәдени  тәжірибе 

кімге  көмектесетінін  және  кімге  зиян  келтіретінін  зерттейді.  Осы- 

ган орай, жерлеу мәдениеті Тибет қоғамының барлық мүшелері үшін 

тиімді сияқты, бірақ бұл мәдени үлгілердің бәріне қатысты емес.

Қалай  алсақ  та,  конфликт  теориясының  өкілдері  де,  құрылым- 

дық-функциялық теория ғалымдары да  әр мәдени ерекшелік сол мә- 

дениет тұрғысынан бағалануы керек деп есеп гейді.

Бұдан мәдениеттердің салыстырмалылыгы деген тұжырым жа- 

салады. Мәдениеттің салыстырмалы болуының нәтижесі сол -  ешқан- 

дай тәжірибе түгелдей жақсы немесе түгелдей жаман болмайды; жақ- 

сылық пен жамандық абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді.

Бұлайша бағалау кейде интеллектуалдық ерлікпен парапар. Мы­

салы, қаншалықты  объективті  болуға  ұмтылсақ та  көпшілігіміз  ба- 

ланы  өлтіруді,  адамды  құрбандыққа  шалу мен  каннибализмді  мүл- 

де дұрыс емес деп санаймыз. Мұндай қатынас этноцентризмді, яғни 

басқа мәдениет өкілдерін өз мәдениетімізде қабылданған нанымдар 

мен  тәжірибеге  сәйкес  бағалау  тенденциясын  көрсетеді.  Этноцент­

ризм әдетте  өз жолын дұрыс, ал басқалардың жолын бұрыс деп есеп- 

теуді білдіреді. Мысалы, Америка миссионерлері алғаш рет Оңтүстік 

теңіз аралдарына келгенде полинезиялықтардың көп нәрсені өзгеше 

жасайтынын көрді. Алайда миссионерлер полинезиялыңтардың дәс- 

түрлерін сол қалпында қабылдаудың орнына бұл істерді қателік, тіп- 

ті  зұлымдық деп  түсінді.  Сөйтіп,  олар  арал  тұрғындарына  адамдар-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет