әлеуметтану және
сіз
Теледидар, интернет желісі,
билбордтар және басқа жерлердегі
жарнамалар әлеуметтендіруде
маңызды рөл атқарады. Мысалы,
Soda жарнамалары бір брендтің
басқаларға қарағанда дәмді екенін
көрсетіп қана қоймай, сол брендтің
пайдаланушылары көңілді,
бай, тартымды және басқаларға
қарағанда танымал екендігіне
көз жегкізуге тырысады. Сіздің
сүйікті сусыныңыз қалай
жарнамалануда?
Нормалар
Белгілі бір мәдениет шеңберінде кеңінен қолданылатын мінез-құлық
ережелерін нормалар дейміз. Нормалар адамдардың не істеуі керек
немесе не істемеуі керек екенін көрсетеді. Кейде біз орындайтын іс-
тердің тізімі шексіз болып көрінеді. Біз таңертең «қатты шаршадым,
бірақ ерте тұруыма тура келеді» деген сөзбен күнді бастап және кешке
«қыдырғым келеді, бірақ ертең сабаққа ерте тұруым керек» деп күнді
аяқтауымыз мүмкін. Сонымен бірге тісті тазалау керек, көкөніс жеу
керек, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу керек және т.б. нор-
Қүндылықтар - қалаулы
мақсаттар туралы ортақ идеялар.
Нормалар - адамдардың қалай
ойлауы және әрекет етуі керектігін
көрсететін жалпы мінез-қүлық
ережелері болып табылады.
|