Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет157/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   870
МӘДЕНИЕТ

75

Ғурыптар

Дәстүрге  қарағанда  моральдық  құндылықтарды  қастерлейтін  нор- 

малар ғұрыптар деп  аталады.  Кешке  сұлы  ботқасымен тамақтануы- 

ңыз сізді «біртүрлілеу» етіп көрсетсе, иттің етін жеу немесе балаңыз- 

дың аяқкиіміне  қажет соңғы ақшаны  ішімдікке  жұмсау өзгелердің 

сізді азғын деп есептеуіне әкелуі мүмкін. Олар сізді полицияға неме­

се  баланы  қорғау  органына  жіберуі  ықтимал;  сізбен  қарым-қатына- 

сын үзіп, тіпті  қуғындауы  мүмкін.  Бұл  нормаларды  бұзған  адамдар 

азғын  деп  есептелетіндіктен  осы  нормаларды  жай  ғана  халықтық 

дәстүр  емес, моральдық  ғұрыптар деп  білеміз.  Моральдық  ғұрыпты 

бұзу міндетті  түрде  заң  алдындағы  жауапкершілікке  әкелмейді,  бі- 

рақ кем дегенде бейресми түрде аластауға немесе сөгіс беруге әкеледі. 

Заң жолымен я бейресми  әдістермен жасалған жаза  адамдардың мо- 

ральдық ғұрыпты бұзу ықтималдығын азайтады.



Заңдар

Гүрыптар  үкімет  тарапынан  бекітілген  кезде,  оларды  заңдар  деп 

атайды.  Егер  заңдар  -   нормалар  мен  құндылықтарға  сүйенбейтін 

болса,  күшін  жояды  немесе  полиция  оларды  орындаудан  бас  тарта- 

ды.  Алайда  заңдар  әрдайым  халықтың  құндылықтарына  негізделе 

бермейді. Мысалы, көлік жүргізіп келе жатып SMS жазуға тыйым са- 

латын жаңа заңдар нормаларды заңдастыру үшін емес, қалыптасып 

келе жатқан нормаларды өзгерту үшін қабылданды.



Ү г ы м д а р   қ о р ы т ы н д ы с ы :   қ ү н д ы л ы қ т а р ,   н о р м а л а р

 және 


з а ң д а р

 бө- 


лімі осы үш маңызды ұғымдарды салыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет