Қ ы здарды ң ш аш ы
-
қ ы з д а р д ы ң д а р а л ы г ы
атты бөлімді қараңыз). Әлеу-
меттенудің агенттері кейінгі тарауларда толығырақ талқыланады.
Бұл тарауда әлеуметтенудің агенттері әлеуметтік қүрылымдарды
оқытудың маңыздылығын айқындау үшін ұсынылды.
Отбасы
Әлеуметтенудің ең маңызды агенті - отбасы. Қараусыз қалған бала-
лардың қайғылы оқиғалары мен маймылдарға жасалған тәжірибелер
соның дәлелі. Баланың отбасында мейірімге бөленуі мен тәрбие көруі
оның ой-сана (когнитивті), эмоциялық және физикалық тұрғыдан қа-
лыпты дамуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар адамның алғашқы
ұстазы - отбасы мүшелері, яғни ата-анасы, кей жағдайда ата-әжесі, өгей
ата-анасы немесе басқа адамдар. Олардан бала аяқкиімнің бауын бай-
лауды, қалам ұстауды ғана үйренбейді, сонымен бірге өмір сүру үшін
аса қажет жайттарды - мақсат қоя білуді, сенім білдіруді т.б. үйренеді.
Жаңа туған нәрестенің физикалық қажеттіліктерін қанағаттан-
дыратын іс-шаралар әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізін қалай-
ды. Мәселен, баланы тамақтандыру мен оның жаялығын ауыстыру
кезінде анасы оны қүшақтайды, күлімсірейді, сөйлеседі. Бұл тәрбие-
леу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың
әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі (Handel, Cahill
& Elkin, 2007; Blum, 2002; Rutter et al., 1999).
Бала қоғамның толық мүшесі болмай тұрып өзінің қалыпты дам-
уына қосымша көп нәрсе үйренуі тиіс. Ерте жастан білім алудың көп
бөлігі күнделікті өзара әрекетке түсу нәтижесінде жүзеге асады: бала
сөйлесуді, қарым-қатынас жасауды, үйде ойнауды және басқалар-
мен танысуды үйренеді (Handel, Cahill, Elkin, 2007). Бала өскен кезде
оқыту тікелей жүреді де ата-анасы негізгі дағдыларды үйретуге және
баланы отбасынан тыс өмірге дайындауға тырысады. Алайда әр отба-
Әлеуметтену агенттері -
әлеуметтік нормаларды үйрететін
тұлғалар, топтар және БАҚ.
100
Достарыңызбен бөлісу: |