65 жас және одан жоғары
Осы күні америкалықтардың көбі 65 жастан артық өмір сүреді. Кей-
біреулері жетпіс, сексен және тіпті одан үлкен жасқа дейін толық
жұмыс істей береді. Ал кейбірі оқу орнына қайта оралып, жаңа ма-
мандық алады. Бірақ көпшілігі қарттықты зейнеткер ретінде дара-
лықтыңж аңа сатысына өтудеп түсінеді. Сол себепті олар алдын ала
әлеуметтенуді жүзеге асыра алады: зейнетке шыққанға дейін ерікті-
лер тобында жүмыс істеп көреді, зейнетке шыққаннан кейінгі жаңа
ермегін немесе білім алу мүмкіндіктерін ойлайды немесе кейін өмір
сүретін жерін, немен айналысатынын ойластыруды зейнеткерлік
«ойын жоспары» арқылы жүзеге асырады.
Сондай-ақ олар өздеріне қажет болашақтың үлгісі ретінде зей
нетке шыққан достарына және туыстарына қарайды. 65 жасқа тол-
ғанға дейін жұмыс істемей үйде отырган адамдар үшін қартаю түрлі
жаңа проблемалар туыыдатады. Кейбіреулерге жүбайы үйде жүрген-
де үй шаруасымен айналысу қиынға соғады. Мұндай жағдайда екі
адамға да өз сенімі мен мінез-қүлқын бейімдеу қажет болуы мумкін.
Мысалы, алдын ала әлеуметтенуге қарамастан ерлі-зайыптылардың
үй шаруасын қалай бөлісуге болагынын келісіп алуы - ұрсысудың
алдын алудың жалғыз жолы деген қорытынды жасай алады.
Өкінішке қарай, егде жастағы адамдардың көбі жұбайы неме
се ұзақ жылдар бойы бірге болған серігі қайтыс болғаннан кейін
күйзеліске түсіп, «мен кіммін», «қалған өмірімді қалай өткізем» де
ген сияқты сұрақтарға жауап іздей бастайды. Кейбірі басқа адамды
кездестіреді, ал кейбірі жалғыз өмір сүруге бекінеді. Өмірдің басқа
кезеңдеріндегі тәрізді серігінен жақында айырылған адамға қатар-
ластары жаңа жағдайға, ойлау мен әрекет етудің жаңа жолдарын үй-
ренуге, жаңа дағдыларды (тамақ дайындау, шамды ауыстыру немесе
|