Қоғамдық құрылымдар
1-тарауда сипатталғандай, қоғамдық қүрылым - қатынастардың қай-
таланатын заңдылықтары. Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық
құрылымдарды табуға болады. Бейсбол ойындары, достық байланыс-
тар, отбасылар мен ірі корпорациялар - бұлардың барлығы күнделікті
қайгаланатын қарым-қатынас заңдылықтары. Бұл заңдылықтардың
кейбірі ресми ережемен, яғни заңдармен орнықтырылса, көпшілігі
әдет-ғұрыптардың күшімен орындалады.
Өмірдегі заңдылықтар, бір жағынан, шектесе, екінші жағынан,
бізге мүмкіндік береді. 9-дан 5-ке дейін жүмыс істесеңіз күндіз доп
ойнай алмауыңыз мүмкін. Алайда 5-те жұмыстан шығатыныңызды
білетіндіктен, кешке достарыңызбен кездесуді жоспарлауға мүмкін-
дігіңіз бар. Қалыптасқан заңдылықтар өмірдің көп тұстарын реттеу-
дің жайлы да ыңғайлы жолдарын ұсынады.
Сенбі күнгі ойынды алсақ та, отбасы немесе жұмыс туралы айт-
сақ та қоғамдық құрылымдар мәртебе, рөл және әлеуметтік институт-
тар сияқты үш ұғым аясында түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |