Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет217/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   870
Бұл бізге не береді?

Әрқайсысымыз  бірегей,  жеке  биологиялық  қүрылымнан  тұратын, 

қабілетіміз,  тәжірибеміз  және  таңдауымыз  бар  жеке  тұлға  болып 

саналамыз.  Сонымен  бірге  бәріміз  де  әлеуметтік  түлғамыз.  Әлеумет- 

тену  арқылы  біз  талап  етілетін  мінез-құлық  пен  қүндылықтарды



ӘЛЕУМЕТТЕНУ

111


үйренеміз  және  көбінесе  бұл  мінез-құлық  пен  құндылықтарды 

өзіміздікі ретінде қабылдаймыз. Кейде әлеуметтену процесін анық 

байқауға  болады:  ата-анасы  бәлішті  рұқсатсыз  алып  жатқан  ба- 

ланың  қолын  қағып  жібереді;  дін  қызметшісі  күнәнің жазасы  бар 

екенін  уағыздайды;  бір  қыз  басқа  қызға  қалай  қыл.ымсуды  үйре- 

теді. Басқа кездері әлеуметтену процесі айқын көрінбейді; жай ғана 

өміріміздің  бір  бөлігі  ретінде  қабылданады.  Мысалы,  қарапайым 

америкалықтар  күн сайын бірнеше сағат теледидар көреді. Теледи- 

дар  көру арқылы  олар  «Қылмыс  орны  (C.S.I.)»  телесериалында  осы 

аптадағы  құрбандықты  кім  өлтіргенін  немесе  American  Idol  шоу 

бағдарламасының  осы  маусымдағы  жеңімпазы  кім  екенін  біліп 

қана  қоймай,  айналадағы  дүниені түсінудің жолдарын  меңгереді: 

осы  арқылы  зорлық-зомбылықтан  қорқуды  және  полицияға  сенім 

артуды,  табыс,  талант  және  атақты  бағалай  білуді,  байлықты  құр- 

меттеуді және тағы басқа құндылықтарды қадірлеуді үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет