Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет236/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   870
Бағбаншылық қоғам дар

Бүкіл  әлемде  аңшылық-терімшілік  қоғам  сатысынан  жоғары  көте- 

рілу  процесі  ауыл  шаруашылығын  дамытудан  басталды.  Ауыл  ша- 

руашылығындағы  «бірінші революция» кезінде адамдар табиғаттың 

бергенін жай теріп алудың орнына өсімдік өсіріп, оны баптауды мең- 

герді. Бұл соқасыз, жер жыртатын жануарсыз, кішігірім фермалардан 

тұратын бағбаншылық қауымдардың қалыптасуына ыңпал етті. Бағ- 

баншылық  қоғамдар  тек таяқтың,  кетпеннің көмегімен  көп  тагам 

өсіре  алмады.  Бірақ  аңшылық-терімшілік  қоғамдардан  айырмашы- 

лығы -  олар артық азық жинайтындай көбірек өнім өндіре бастады.

Қауымдар күнкөріс қажеттігін өтеумен шектелмей, онан жоғары 

деңгейде дамыған соң түбірімен өзгерді. Шаруалар азық өндіру үшін 

әлі де күні бойы жүмыс істеуге мәжбүр болды, ал жаңа пайда болған 

таптық  иерархияның  жоғары  бөлігіндегілер  шаруалар  өндірген  ар- 

тық азықты  пайдаланды.  Артықшылыққа  ие  бұл  топ  енді  күнкөріс 

жүмыстарынан  босап өнер, дін,  жазу және  анда-санда  соғыс  сияқты 

басқа мақсаттарға көңіл боле бастады.

Біршама  молшылыққа  кенеліп,  тұрмысы  реттелгендіктен  бағ- 

баншылық қоғамдарда отбасынан өзге күрделі де түрақты институт- 

тар дами бастады.  Кейбір  экономикалық іс-әрекеттер  отбасынан тыс 

жерде жүретін болғандықтан, бар уақытын осы салаға арнайтын дін- 

дарлары бар діни құрылымдар қалыптасты, оның үстіне бюрократия- 

сы,  салық  жинаушылары  және  мұрагерлікпен  берілетін  билеушісі 

бар  басқару жүйесі  пайда  болды.  Кейде  мұндай  қоғамдар  өте  үлкен 

болған.  Мәселен,  Инк  империясында  шамамен  4  миллионная  астам 

адам тұрған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет