Егінш ілік қоғам дар
Шамамен 5-6 мың жыл бүрын екінші ауылшаруашылық революция-
сы болып, жаңа технологияның арқасында азық-түлік өндірісінің
өнімділігі еселеп артты (Diamond, 1997). Соқа мен ірі жануарларды
пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғамдар-
ды егінш ілік қоғамдар деп атаймыз.
Егіншілік қоғамға өту кезінде металл қүралдары мен дөңгелекті
пайдалану технологиясы жетіліп, суарудың, ұрықтандырудың үздік
әдістері қолданылды. Бұл өзгерістер әлеуметтік институттарды түбе-
гейлі өзгертті. Ең бастысы, бұл өзгерістердің арқасында азық-түлік
өндіруге аз ғана адам қажет болды. Нәтижесінде, басқалар қалаларға
қоныс аударып, саны артып келе жатқан жаңа кәсіп түрлерімен айна-
лыса бастады. Адамдар күннен-күнге бір салаға толық бейімделе бас-
тағандықтан технология, сауда, оқу, жазу, ғылым және өнер салалары
жылдам дамыды.
Бағбаншылық қоғамдар - соқа
сияқты өңдеу құралдары жоқ,
кішігірім, қарапайым шаруа
қожалықтары.
Егіншілік қоғамдар - соқаның
және ірі жануарлардың көмегімен
ауылшаруашылық өнімін
өндіруге негізделген.
122
4 -ТА РА У
Сонымен бірге түрлі кәсіптердің пайда болуы теңсіздікті үл-
ғайтты. Бағбаншылық қоғамдағы қарапайым жүйенің орнына сау-
дагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек
күші басқа барша жұртты асырайтын, халықтың қомақты бөлігін
қүрайтын кедей шаруалардан тұратын күрделі таптық жүйе қа-
лыптасты.
Қауымдарда бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа бір
сала - соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөң-
гелекті (әскери арба) игерудің арқасында әскери техника әлдеқайда
озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жау-
лап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды.
Бұл салада римдіктердің жетістікке жеткені сондай, олар Жерорта
теңізі маңындағы бүкіл халықты Италиядағы билеуші элигаға бағы-
нышты шаруа табына айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |