И ндустриялы ң қоғам дар
200 жыл бұрын Батыс Еуропада өндірістегі үшінші ірі төңкеріс жү-
зеге асырылып, индустрияландыру өмірге келді. Индустриялық
қоғам - экономикасы механикалық, электр қуатын немесе қазба
отын энергиясын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығына емес,
тауарлардың жаппай өндірісіне негізделген қоғам. Жануарлар мен
адам еңбегінен жаппай өндіріске ойысу қалаларды өркендетіп, саяси,
әлеуметтік және экономикалық институттарды өзгертті. Білім беру
сияқты ескі институттар қанат жайып, ғылым, медицина және заң
сияқты жаңа институттар пайда болды.
Индустриялық қоғамға ауысу gemeinschaft-тан gesellschaft-қа
ойысу процесімен қатар жүрді (Brint, 2001). Gemeinschaft - адамдар
айналасындағы жұрттың көпшілігімен тығыз жеке байланыс орна-
татын қоғам. Ал gesellschaft кезінде жүрт бір-бірімен адами тұрғыда
емес, тек қажеттілік тұрғысынан байланыс орнатады. Бүл бетбұрыс
ауылшаруашылық қоғамдарынан бастау алған; фермалардан фабри-
каға, қалаларға ауысу қарқыны артқан сайын бүл тенденция да кең
қанат жая түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |