Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет240/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   870
ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

123


Case study: институттар ж оғал ған  кез

Жалпы, тарихқа қарасақ өндірістегі, қайта өндірудегі, білім саласында- 

ғы, адамзат қоғамының басқа да негізгі элементтеріндегі өзгерістер өте 

баяу жүрген. Бұл өзгерістер біртіндеп әрі үйлесімді түрде жүріп жатқан- 

дықтан  институттар  бір-бірін  қолдап,  адамдардың  қажеттіліктеріне 

жауап бере алатындай әрекет етіп отырды. Ал кей жағдайларда, керісін- 

ше, жаңа институттар пайда  болмай жатып ескі институттар, ескі рөл- 

дер мен тұғырлар жойылып кетіп отырды. Мұндай кездерде қауымдар 

мен ондағы адамдардың жаны жараланып, бір-бірінен ажырап қалады.

Анастасия  Шкилник  1985  жылы  шыққан  «Адам  махаббатынан 

күшті  у»  атты  кітабында  адамзаттың  осындай  бір  қайғылы  оқиға- 

сының  жылнамасын  жасады.  Онтарионың  солтүстік-батысындағы 

оджибуей үндістерінің ауыр тағдырына  басты назар аударылған бүл 

кітап жылдам әлеуметтік өзгеріске ұшыраған дәстүрлі қоғамдардың 

ахуалын түсіну үшін өте пайдалы.

Бүзылған  қоғам

1976  жылы  Канада  үкіметінің  Үндістер  проблемалары  жөніндегі  де­

партамент!  Шкилникті  оджибуей  қауымдастығының  520  адамнан 

түратын  Grassy  Narrows  резервациясына  жіберді.  Жақын  маңдағы 

өзен-көлдер сынап қалдықтарынан уланып, бүл қауымдастық соның 

экономикалық зардаптарын тартып жатқан.  Шкилникке үндістерге 

осы қиындықты жеңу жөнінде кеңес беру тапсырылды.

Grassy narrows - қожыраған қоғам  болатын.  Мұнда 40 градус қа- 

қаған аязда 6 жасар  балалар көшеде мае болып жүретін.  Канаданың 

басқа  аймақтарымен  салыстырғанда  мұнда  балалар  мен  ересектер- 

дің  өлім  деңгейі  өте  жоғары  болды.  Осы  өлімнің  шамамен  төрттен 

үші спирттік ішімдіктер  мен  есірткінің  салдары.  Ш килниктің жур- 

налға  шыққан  мақаласынан  алынған  мына  үзінді  Grassy  narrows 

түрғындарының басындағы қасіреттен хабар береді:

Жума. 

К өрш ім   к еш е  т ү н   о р т а с ы н д а   4 ж а с а р  Д о л о р есті  у й ін е н   ш а м а м е н  



3  ш а қ ы р ы м  ж е р д е іі қ о р ы қ т ы ң  м а ң ы н д а  ж а л ғ ы з  ж у р г е н  ж е р ін е н  т а у ы п  

а л ғ а н ы н  а й т т ы . Ол п о л и ц и я ғ а  х а б а р л а с қ а н , ә л г іл е р  істі т е р ге у  ү ш ін  қ ы з- 

д ы ң  ү й ін е   б а р ы п ты .  О лар  Д о л о р естің   3  ж а с а р   с ің л іс і Д и а н а н ы ң  бүры ш - 

та  б ү к т е г іл іп   ж ы л а п   ж а т қ а н ы н   кө р ед і.  Үй  қ а ң ы р а п   т ұ р ,  іш ер ге  т а м а қ  

ж о қ , б а р л ы қ т е р е з е л е р  с ы н ғ а н . П о л и ц и я  қ ы з д а р д ы ң а т а - а н а с ы  со д ан  бір 

к ү н  б ұ р ы н  К ен о р аға к е т іп , сол ж а қ т а   а р а қ  іш іп  ж ү р г е н ін  а н ы қ т а д ы .

Бұл балалардың ата-аналары сияқты  Grassy narrows резервация- 

сындағы  ересектердің  көпшілігі  маскүнемдікке  шалдыққан.  Көп 

адам жалақысын не жәрдемақысын ала сала  ақша таусылып,  есінен 

адасқанша арақ ішеді. Балалар көбіне ата-аналарының есінен айрыл- 

ғанын күтіп, сосын олардан қалған ішімдікті өздері ішіп қояды. Ішім- 

дік таппаса, олар желім я жанармай иіскейді.

Бүдан 20 жыл бұрын ғана  оджибуей гүлденген халық болған еді. 

Бұл қоғам қалайша толықтай күйреді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет