ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
125
Сөйтіп, мұндағы өндіріс көлемі тіпті құлдырады. Осы өзгерістердің
кесірінен бұл қауым өздерін асырап, бір-біріне тәуелді болудың ор-
нына түгелімен үкіметтен келетін көмекке қарап қалды.
Соның салдарынан шаруашылықты үйымдастырудың бүкіл
тәртібі, әлеуметтік рөлдер, мәртебелер, институттар бұзылды. Ерлі-
зайыптылар арасындағы қарым-қатынас бүрынғыдай айқын бол-
май қалды. Екеуара бірлескен экономикалық өнім өндіру жойылған
соң олардың ендігі құқықтары мен міндеттері не болмақ? Ешкім
ертеңін ойламайтын күн туды, енді олардың балалар алдындағы
құқықтары мен жауапкершіліктері қандай болуы керек?
Достарыңызбен бөлісу: |