Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет282/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   870
Милгрэм эксперимента

Милгрэм  (1974)  өз  экспериментінің  нәтижесінде  адам  бойсүнуына 

топтардың  тигізер  ықпалы  туралы  жантүршігерлік  тұжырымдар 

жасады.  Бүл  эксперимента  қатысушылар  оқытушы  және  оқушы



I

  Милгрэм эксперименттеріндегі 

адамдарға серіктесіне өмірге қауіпті 

деп есептелетін электр тоғының 

соққыларын беру тапсырылды. Мына 

суреттегі субъектінің жұдырығы түйіліп 

тұрғанына назар аударыңыз. Бұл 

эксперимента қатысушы тәжірибені 

ауыр деп тапса да, көнбістік танытып 

отырғанын көрсетеді.

10-251



146

5-ТА РА У

ретінде алынады. Эксперимент талабы бойынша оқытушы екі сөзден 

тұратын сөз тіркесін оқып береді, оқушы соны есінде сақтауы тиіс. Со- 

дан кейін оқытушы оқушыға элгі сөздерді екінші рет оқып береді, тек 

бұл  кезде  әрбір  сөз  тіркесінің  алғашқы  сөзі  мен  төрт  жауабы  берілуі 

керек. Егер оқушы дұрыс жауап бермесе оқытушы дұрыс жауапты өзі 

айтып,  оқушыны  электр  тоғымен  (басқа  бөлмеде  орналасқан)  соқты- 

рады. Оқушы қателескен сайын электр тоғының кернеуі жоғарылаты- 

лады.  Эксперимент жүргізуші оқытушыға оқушы барлық сұрақтарға 

дұрыс жауап  бергенше  сөз  тіркестерін  көрсетілгендей әдіспен оқыту- 

ды жалғастыра беруді тапсырады.

Шындыгында,  экперимент  барысында  оқытушы  да,  оқушы  да 

Милгрэмнің  өзімен  жұмыс  істеген  және  жалған  «электрлік  соққы» 

қолданылған.  Мәселе  оқытушының  не  істейтіндігінде  болатын.  Экс­

перимент  нәтижелері  жантүршігерлік  болып  шықты:  оқытушылар- 

дың үштен екісі тіпті электр соққысы құрылғысындағы «қауіпті: ауыр 

соққы» деп көрсетілген (үш қызыл түсті X әріптері) нүктеге жеткеннен 

кейін де тоқ жіберуді тоқтатпаған. Эксперимент барысында оқушылар 

алғашқыда  өздерін сабақтан босатуды сұрайды, кейін қатты ауырсы- 

нып тіпті шыңғырып, соңында үнсіз қалған жағдайлар да болтан.

Өкінішке  қарай,  кейінірек  АҚШ  пен  басқа  елдердегі  осындай 

эксперименттер  барысында  адамдардың  61-66  пайызы  басқаларға 

ауыртпалық  әкелетінін  біле тұра  экспериментатордың нұсқауларын 

орындауға дайын екендіктерін көрсеткен (Blass, 1999; Burger, 2009). Бұл 

нәтижелер  бойсұну  мен  топтық  ынтымақтастыққа  үйретілген  аме- 

рикалық жауынгерлердің не себепті Абу-Грейбте, Гуантанамода және 

басқа  жерлерде  бұйрық  берілген  жағдайда  тұтқындарды  қорлауға 

дайын болғандығын түсіндіріп береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет