ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
179
тығыз қарым-қатынастағы жастар қылмысқа сирек барады (Sampson
& Laub, 2005; Uggen, 2000).
Қылмыс көбінесе қол бос кезде жасалады. Әдетте бұл ешкімнің
қадағалауынсыз көп уақытты дос-жаранның ортасында өткізумен
тығыз байланысты. «Қызықтайтын сауық-сайран қалмады» деп сен-
делген жастардың көбі қызық үшін түрлі әрекетке барады. Жасөспірім
шақтың өзіне тән проблемалары мұны одан сайын ушықтырып жі-
береді. Жастар жаңа достар тауып, жаңа идеяларға бас ұрып жатады
әрі ересек өмірдегі бостандыққа ұмтылып, оның дәмін тата бастайды,
бір жағынан, ата-анасының, мектебінің және заңның тәртібі аясында
шектеледі, сондықтан бұған қарсылық білдіреді (Agnew, 2003).
Достарыңызбен бөлісу: