Әлеуметтік және таптықайырмашылықтар
Жоғарыда айтылғандай, төменгі тап өкілдерінің АҚШ ұлттық статис-
тикасында аталатын қылмыс түрлерін жасау және тұтқындалу ықти-
малдығы әлдеқайда жоғары. Шиеленіс теориясын қолдаушылар мен
конфликт теориясын жақтаушылардың кейбірі «төменгі тап өкілдері-
нің жетістікке жету мүмкіндігі болмағандықтан, жиі қылмыс жа-
сайды» деп түжырымдайды. Жұмыссыздық деңгейі өскенде қылмыс-
тың да артатынын осымен түсіндіруге болады. Ал тежеу теориясы
мамандарының айтуынша, төменгі тап өкілдері мектеп не еңбек на
рыты сияқты дәстүрлі институттардан жақсылық көрмегендіктен
қылмысқа барады.
Екінші жағынан, ат қою және конфликт теорияларының өкілдері
төменгі таптың көбірек қылмыс жасайтын болып көрінуіне заңда-
гы және заңды орындаудағы біржақтылық себепкер дейді. Байқаға-
нымыздай, ақша жымқыру, баға демпингі және қүнды қағаздарда-
ғы алаяқтық статистикаға енгізілетін болса, қылмыстың әлеуметтік
таптар арасында таралу картинасы мүлде өзгеше болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |