Жыныстық айырмашылықтар
Тежеу теориясы ерлердің неліктен әйелдерден көп қылмыс жасай-
тынын біршама түсіндіріп бере алады. Жалпы, ұлдарға қарағанда
қыздарға тыйым көп, әсіресе орташа дәулетті әулеттерде қыздарға
қоғамдық бақылау күшті (Chesney-Lind & Shelden, 2004). Ата-аналар
үлдарының жарым түнде көшеде қыдыруына рұқсат бергенімен, қыз-
дарының қайда, кіммен жүргенін сұрап, біліп отырады. Қатаң бақы-
лау қыздардың отбасымен және дәстүрлі институттармен тығызырақ
қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді әрі олардың бандыға, де-
виантты топтарға қосылу мүмкіндігін азайтады.
Қылмысты феминизм теориясын талдаушылар да қылмыс-
тағы гендерлік айырманы өздерінше түсіндіреді. Феминист-әлеу-
меттанушылардың пікірінше, ерлердің көбірек қылмыс жасауы-
ның бір себебі - олар билікке қарсы шығып, озбырлық әрекетгерге
баруды «еркектік» деп санайды. Сондай-ақ феминистер ерлерден
жыныстық не физикалық зәбір көрген әйелдер үйінен қашып, на-
шақорлыққа, жезөкшелікке салынып, күйзеліске қарсы зор-
лық-зомбылық жолымен жауап беруге бейім тұрады деп есептейді
(Chesney-Lind & Shelden, 2004).
Достарыңызбен бөлісу: |