2000). Егер сіз ер адам болсаңыз, онда әкеңіздің кәсібін меңгеру талап
СТРАТИФИКАЦИЯ
189
дайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша,
балаңызға сіздің
және жүбайыңыздың мәртебесі беріледі.
Үндістан - касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі.
Барлық үнділер (көпшілік діні) бедел, билік және байлықпен ерек-
шеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға
бөлінеді. Касталық жүйелер қазір Үндістаннын, кейбір мұсылман
және христиан қауымдарында да кездеседі.
Кастадағы мүшелік тұрақты, яғни атадан балаға беріліп, өз-
гермей, өмір бойы сақталады. Үндістан тәуелсіздікке ие болғаннан
кейін, 1950 жылы, касталық жүйені ресми түрде заңсыз деп жария-
лады. Содан бері елдегі 200 миллион далиттердің, яғни «сот жоқ кас-
таның» мәртебесі арта түсті. Алайда олар әлі күнге дейін кемсітуден,
аса кедейліктен тіпті кейде оларға қарсы жасалатын этностық зор-
лық-зомбылықтан зардап шегуде (Sengupta, 2008).
Таптықжүйелер
Таптық жүйелерде ресурстардың тең бөлінбеуіне басты себеп бола-
тын - қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін
анықтайтын басты факторлардың бірі - кәсіби мамандану, бірақ ол туа
қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жо-
ғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктер-
ге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына
байланысты.
Касталық және таптық жүйелердің арасындағы негізгі айыр-
машылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігін-
де. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі - әлеуметтік ұтқырлық,
яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен
құлдырау бағытында болады. Мұндай ұтқырлық ұрпақтар арасын-
да кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың
білімі болмаса, сіз бәрібір әлеуметтік ұтқырлықпен жоғарылай ала
сыз. Адамның әлеуметтік таптағы орны ауыспалы болуы ықтимал.
Мысалы, орташа жастағы инженер жұмысынан «қысқартылып»,
«Wal-Mart» дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса - әлеуметтік
ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшырағаны.
І
Үндістандағы көптеген далиттер
(«сот жоқ каста») кедейлікпен,
кемсітушілікпен күресуде.
Әлеуметтік шұғылдық - адамның
әлеуметтік таптағы орнының
жоғары немесе төмен ауысуы.