Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет419/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   870
Төмендеуші ассимиляция -

иммигранттар ұрпақтарының 

негізгі топқа емес, АҚШ-та туған 

азшылықтардың «жасырын» 

әлеміне қосылып, сіңу процесі.

Геноцид -  халықты жоюға 

бағытталған жаппай қыру.

15-251



226

8-ТА РА У

халықты  жаппай  қырып-жоюға  бағытталған  әрекет  жасалуы 

мүмкін  (Jones,  2006).  Тарихта  геноцидтер  болғаны  мәлім.  Қазір  де 

Ауғанстанда,  Пәкістанда,  Дарфурда  және  басқа  жерлерде  геноцид- 

тік шабуылдар жасалып тұрады. Дарфурдағы қырғын туралы мәсе- 

ле  алдағы  «Жаьандық  көзқарас»:  Дарфурдағы  геноцид»  тарауында 

талқыланады.

Нәсілдік және этностық 

теңсіздіктерге теориялық 

көзқарастар

Құрылымдық-функциялық теория

Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік құрылымдарды қоғамның 

қалыпты  әрекет  егуіне  тиімді  ететін  әдістерді  және  сол  құрылымның 

тиімсіздігіне  әкелетін,  жалпы  қоғамның  мүдделеріне  қайшы  келетін 

себептерге  баса  назар  аударатынын  білдік.  Құрылымдық-функциялық 

теория  қоғамдағы  немесе  кейбір  топтардағы  нәсілдік  және  этносара- 

лық теңсіздіктің қалыптасу жолдарын анықтауға көмектеседі. Мысалы, 

оңтүстік плантациялардың иелері афроамерикалықтарды қоғамда толық 

құқылы адам қатарына санамай, Киелі кітапта құлдық жайлы жазылға- 

нын  өз  пайдасына  икемдеп ақталуы  арқылы  құлиеленушілікті қолдап 

шықты. Құлдар үшін бұл өте қиын кезең болды, ал «ақ» америкалықтар 

құлдардың арқасында оңтүстік штаттардың экономикасын көтеріп, мәде- 

ни жәые әлеуметтік заңдарды дамыта бастады.

Сонымен  қатар  құрылымдық-функциялық  теорияшылар  бұл 

жүйенің  кемшіліктеріне  баса  назар  аударады:  құл  иеленген  қоғам- 

ның  қайырымсыздығы  ақыр  соңында  құлиеленушілік  құрылысты 

жойып  қана  қоймай,  АҚШ-ты  азаматтық  соғысқа  әкеп  тіреді,  соның 

зардабынан оңтүстіктің экономикасы қүлдырады.  Сол сияқгы, нәсіл- 

дік  және  этностық  теңсіздікті  қолдайтын  кез  келген  қоғамда  әлеу- 

меттік конфликт туындайтыны күмәнсіз. Ал нәсілдік және этностық 

теңсіздіктің  себебінен  кейбір  адамдардың  қабілеті  мен  әлеуетін  іске 

асыруға  деген  ынтасы  шектелсе,  ондай  қоғам  жаьандық  нарықтан 

зиян  шегеді.  Себебі  қогам  ол жағдайда  адамдардың  келешек  дамуға 

қосатын маңызды үлесінен айырылады.

Нәсілдік  және  этностық  ңатынастарды  зерттейтін  қүрылым- 

дық-функциялық теория ғалымдары қоғамдағы теңсіздікті бәсеңдегу 

жолдарын анықтап, жағдайды өзгертіп, сол арқылы азаматтық соғыс 

сияқты  конфликтілерге  жол  бермей  (Winant,  2000),  қарекетті  жалға- 

стыру  мүмкіндіктерін  қарастырады.  Нәсілдік  және  этностық  қаты- 

настар  тұрғысынан  ассимиляция  процесіне  баса  назар  аударылады. 

Құрылымдық-функциялық теорияшылар  әртүрлі  этностық және нә- 

сілдік топтардың америкалық мәдениетке сіңуін (ассимиляция) және 

кейбір топтардың сіңуіне тосқауыл болтан (мысалы, әділетсіз заңдар) 

себептерді зерттейді.

Кейбір  құрылымдық-функциялық  әлеуметтанушылар  «егер  аз- 

шылық қоғамдар үстем мәдениетті ғана қабылдайтын болса, нәсілдік 

және этностық теңсіздік жойылады» дегі санайды.  Бұл көзқарас әлеу- 

меттану ғылымынан қолдау таппады. Сондықтан нәсілдік қарым-қа- 

тынастарға  қатысты  құрылымдық-функциялық  зерттеулер  айтар- 

лықтай дамыған жоқ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет