Шектеулі неке нарығы
Адамның отбасын құруы жергілікті жердегі «экономикалық
тартымды» серіктестердің ұсыныстарына да байланысты. 1987
жылы Уильям Джилиус/Юлий Уилсон этап көрсеткендей, афроа-
мерикалық әйелдердің тұрмыс құруға ұмтылысы ақ нәсілді әйел-
дерден төмен болуының себебі - афроамерикалықтардың арасын-
да білімді, тұрақты жұмысы бар ерлердің жоқтығынан. Басқа да
зерттеулер көрсеткендей, ер адам жақсы жерде және жоғары та-
бысты жұмыс істемесе, әйел адамның оған тұрмысқа шығу неме
се некесіз бірге тұру мүмкіндігі күрт төмендейді (Lichter et al.,
1992; Raley 1996, Teachman, Tedrow, & Crowder, 2000). Шындығында,
некеге тұруға болатын еркектердің арасындағы айырмашылық
жалпы неке мөлшерлемесіндегі нәсілдік айырмашылықтардың
кем дегенде 40 пайызын құрайды.
|