Оқу бағдарламасы аясында «Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлімі бойынша математикалық сауаттылықты қалыптастыру
«Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлігі кеңістіктік және жазық геометриялық пішіндер мен олардың қасиеттеріне байланысты есептерді шығаруды қарастырады. Бұл бөліктің басқаша атауы – геометрия. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу бағдарламасы бойынша негізгі мектепте геометрияны оқу пәні ретінде оқудың мақсаты:
Барлық оқушыны одан әрі білім алуы үшін геометрия саласындағы дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету;
Жоғары сыныптарда аралас пәндер мен стереометрия курсын оқуға қажетті аппаратты дайындау.
Геометрияны негізгі мектепте оқу барысында оқушылардың бойында:
Жазықтықтағы геометриялық фигуралар туралы білімдері қалыптасады, тереңдетіледі және жүйеленеді;
Логикалық және бейіндік ойлау дамиды.
Негізгі мектептегі геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;
Геометриялық фигуралар туралы алғашқы түсініктер жаңартылған мазмұндық бағдарламаға сәйкес «Математика» пәнінің оқу процесіне бастауыш сыныптардан бастап енгізілген. «Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлігі PISA-2021 зерттеуіне енгізілген келесі тақырыптар арқылы анықталады:
Геометриялық аппроксимация: теріс және бейтаныс пішіндер мен объектілерді формулалар мен құралдар қолдануға келетін таныс пішіндер мен объектілерге бөлу арқылы аппроксимациялау;
Екі және үш өлшемдегі геометриялық объектілер ішіндегі және арасындағы қатынастар: фигуралар элементтері арасындағы алгебралық қатынастар (мысалы, тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары арасындағы байланысты анықтайтын Пифагор теоремасы), салыстырмалы орналасу, ұқсастық пен сәйкестік және объектілердің түрлендіруі мен қозғалысынан, сондай-ақ екі және үш өлшемді объектілер арасындағы сәйкестіктен тұратын динамикалық қатынастар сияқты статикалық қатынастар;
Өлшеу: қашықтық, ұзындық, периметр, шеңбер, көлем және аудан сияқты пішіндер мен объектілердің сипаттамаларын сандық бағалау.
Пәнді оқудың спираль тәріздес формасын ескере отырып, «Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлігіне сәйкес келетін жаңартылған оқу бағдарламасының оқыту мақсаттарын 5.1-кестеде қарастырайық.
5.1-кесте. «Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлігіне сәйкес келетін жаңартылған оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары
Пәндік курс және сынып
Жаңартылған оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары
Математика 5-сынып
5.3.1.8 тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы түсінік қалыптастыру;
5.5.2.9 жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед).
Математика 6-сынып
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4 дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;
6.5.1.3 картамен, жоспармен, сызбамен жұмыс барысында масштабты қолдану;
Геометрия 7-сынып
7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры анықтамаларын білу және оларды салу;
7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату;
7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;
7.1.2.7 есеп шығаруда параллель түзулердің қасиеттерін қолдану;
7.1.1.27 тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану;
7.1.2.14 шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштың анықтамасын білу.
Геометрия 8-сынып
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу, олардың қасиеттері мен белгілерін шығару;
8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;
8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формуласын шығару және қолдану;
8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын білу және қолдану;
8.1.3.13 трапецияның ауданы формуласын шығару және қолдану.
Геометрия 9-сынып
9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;
9.1.4.10 жазықтықтағы түрлендірулерді қолданып, есептер шығару;
9.1.1.2 сектор мен сегмент ауданының формулаларын шығару және қолдану.
«Геометрия» пәніне байланысты тақырыптарды оқу барысында «Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлігінің тапсырмаларын қолдану мүмкіндігін қарастырайық.
«7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату; 7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу» мақсаттарын сабақта оқу барысында «Үшбұрыштар» практикалық курстың екінші сабағының үшінші тапсырмасын қарастыруға болады.
Тапсырма «Қолдану» математикалық құзыреттілігіне жатады және 7-сыныпта «үшбұрыштар» бөлімін оқудың бірінші сабағында оқушылардың алған білімдерін бекітуге көмектеседі. Бұл тапсырма ғылыми контекске жатады, сондықтан оқушыларға оны өз бетінше және жұппен орындауға ұсыныңыз, талқылауға уақыт беріңіз. Тапсырманы ойдағыдай орындау үшін және ұсынылған төрт фигураның ішінен дұрысын анықтау үшін оқушыдан оқу кезінде зейінділік, жүйелі ойлау және ұйымдастырушылық талап етіледі, бұл оқу сауаттылығының дамуына ықпал етеді.
«7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры анықтамаларын білу және оларды салу» оқыту мақсаты бойынша тақырыпты өзекті ету үшін 7-сынып оқушыларын «Ферма» тапсырмасын ұсынуға болады. Тапсырманың шартында фермерлік үйдің фотосы мен өлшем бірліктері бар пирамида түріндегі төбенің математикалық моделі берілген. Тапсырманы орындау үшін шатыр сипаттамаларының жиынтығынан қажетті ақпаратты бөліп алып, дұрыс есептеулер жүргізу қажет. Үшөлшемді фигураларды кеңістіктік қабылдауы әлсіз оқушыларға математикалық модель көмектеседі, ол есептің шығарылуын жеңілдетеді.