Жауап жартылай қабылданады. (1 балл) Код 11: n = 140 x .80 = 112. Осы кезеңнен бастап келесі есептеулер көрсетілмеген немесе есептеулерде қате бар.
112
n = 112, 0.112 км/сағ
n = 112, 1120 км/сағ
112 м/мин, 504 км/сағ
Жауап қабылданбайды. Код 00: басқа жауаптар
Код 99: жауап жоқ
Оқушы формулада бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеп, қозғалыс жылдамдығының берілген уақытта жасалған қадам санына тәуелді екенін түсіну керек. Сондықтан оқушы тарапынан берілетін мүмкін жауаптардың барлық нұсқасы қарастырылған. Толық дұрыс жауап Код 31 деп белгіленген. Код 31 есептеулердің болуына немесе болмауына қарамастан, екі жауап дұрыс болған жағдайда (89.6 және 5.4) беріледі. Назар аударыңыз, дөңгелектеуде қателік жіберуге жол беріледі. Мысалы, минутына 90 метр және 5.3 км/сағ (89 х 60) – қолайлы нұсқалар.
89.6, 5.4
90, 5.376 км/сағ
* 89.8, 5376 м/сағ [екінші жауапқа назар аударыңыз; егер ол өлшеу шарасынсыз көрсетілсе, оған 22 код беріледі]
Жартылай қабылданатын жауаптар 2 балл және 1 балмен бағаланатындай екіге бөлінген. Жоғары бағаланатын жартылай жауаптарда аралық есептеулерде кететін қателіктерге байланысты болса, төменгі балмен бағаланатын жартылай жауаптарда тек дұрыс әдіс үшін бағаланады. Жоғары бағаланатын жауаптар Код 21, Код 22, Код 23, Код 24 деп белгіленуі оқушының мүмкін жауаптарының төрт жағдайы қарастырылғанын көрсетеді. Толық жауап және жартылай қабылданатын жауаптардың бірнеше нұсқасы екі таңбалы санмен белгіленгендіктен, қабылданбайтын басқа жауаптар Код 00 және жауабы жоқ болса Код 99 деп кодталады.
Сұрақ математикалық сауаттылықтың алтыншы күрделілік деңгейіне сәйкес келеді. PISA математикалық шкаласы бойынша толық жауап 708 балмен бағаланады. Жоғары жартылай жауаптың күрделілігі математикалық шкала бойынша 659 балмен, ал төменгі жауаптың күрделілігі математикалық шкала бойынша 600 балмен бағаланады. Жартылай жауаптың жоғары балын жинаған оқушы математикалық сауаттылықтың бесінші деңгейінде, ал жартылай жауаптың төменгі балын алған оқушы математикалық сауаттылықтың төртінші деңгейіне сәйкес келеді. Тапсырма «Өзгерістер мен қатынастар» мазмұндық бөлігіне жатады, жеке жағдаятта қарастырылған.
Оқушы тапсырманы орындау барысында «Байланыс орнату» құзыретілігінің тапсырмада сипатталған жағдайда ақпаратты ұсынудың әртүрлі формалары арасындағы байланысты орнату дағдыларын қолданады.
Математиканы меңгеруді бағалау кезінде математикалық функционалдық сауаттылық қарастырылады. Есептерді шығара білетін оқушы әрдайым оны әртүрлі контекстегі мәселелерді шешуде қолдана алады дегенді білдірмейді. Сондықтан бүгінгі таңда оқыту процесінде математикада нақты өмірлік жағдайлар аясында зерттеу және шығармашылық тапсырмалар маңызды рөл атқарады. XXI ғасырдың рефлексиялық тұлға үшін негізгі талаптар: сыни тұрғыдан ойлау мен математикалық ойлауды дамыту, сонымен қатар дәлелдерді ауызша/жазбаша негіздеуді білу болып отыр.
8.2-кестеде әртүрлі елдердің PISA-2018 зерттеулерінің нәтижесі бойынша оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейлерін салыстырмалы талдауы көрсетілген (%-бен берілген).
8.2-кесте
Математиканы қолдану деңгейінің нәтижелері бойынша, өкінішке орай, қазақстандық оқушылар 4-6 деңгейлерде төмен пайыздар көрсетіп отыр. Бұл оқушылар нақты сипатталған процедураларды, соның ішінде дәйекті шешімді қажет ететіндерді орындай алады дегенді білдіреді. Олардың түсіндірмелері математикалық есептердің қарапайым моделін құруға негіз бола алатындай жеткілікті. Үшінші деңгейдегі оқушылар әртүрлі ақпарат көздеріне негізделген деректерді түсіндіре алады және қолдана алады, берілген мәліметтер бойынша пайымдау жасай алады.
Халықаралық мәліметтер базасы PISA тестінің тапсырмаларын орындау деңгейлері бойынша қатысушылардың аймақтық көрсеткіштерін талдауға және ұсынуға мүмкіндік береді. 8.3-кестедегі зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның жеті өңірі бойынша орташа балл математикалық сауаттылықтың бірінші және екінші деңгейлеріне сәйкес келді.
Қазақстан өңірлері бойынша математиканы меңгеру деңгейлерінің орташа балы
PISA-2015 және PISA-2018
8.3-кесте
Ресурстар:
Международная база данных PISA-2015, PISA-2018;
Take the Test sample Questions from OE CD’s PISA Assessments;
OECD (2019), PISA 2018 Results (Volume I): What Students Know and Can Do, PISA, OECD Publishing, Paris;
https://doi.org/10.1787/5f07c754-en.
PISA-2021 зерттеуінің бағалау ерекшеліктері
PISA-2021 зерттеуінде математика негізгі бағаланатын бағыт болғандықтан, математиканы бағалаудың ерекшелігі артып отыр. Математика 2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары өткен PISA зерттеулерінде де бағаланды, алайда 2003 және 2012 жылдары өткен PISA зерттеуінде математика бағалаудың негізгі бағыты болып қарастырылды. PISA-2021 зерттеуінде математиканың негізгі бағыт болып қайта қарастырылуы уақыт өте келе оқушылардың оқу үлгерімін салыстыру мүмкіндігімен қоса, әлемде, салада, оқу саясаты мен практикада орын алған өзгерістердің негізінде бағаланатын объектілерді қайта анықтау мүмкіндігін береді.
PISA-2021 зерттеуінің құрылымы 15 жастағы оқушылар үшін математиканың өзектілігін неғұрлым анық және ашық етуге бағытталған, сонымен қатар әзірленген пәндердің маңызды және түрлі контексте берілуін қамтамасыз етеді. PISA-2021 зерттеуінде математикалық сауаттылықты бағалау үшін нәтижелерді ұсынудың негізгі тәсілі болып компьютерлік математиканы бағалау саналады. Алайда оқушылардың компьютердің көмегінсіз тестілеуге шешім қабылдаған елдер үшін бағалаудың қағаз құралдары қарастырылады.
Математикалық сауаттылық анықтамасына сәйкес PISA зерттеуінің төңірегінде әзірленетін кез келген құралдарда қолданылатын бағалау белгілі бір контексте айқындалады. Пәндер маңызды математикалық түсініктерді, білімді, көрсетілімдер мен біліктерді (білімнің математикалық мазмұны) 15 жастағы оқушылардың деңгейіне сәйкес қолдануды көздейді. Бұл жүйе бағалаудың құрылымы мен мазмұнын анықтау үшін қолданылады және зерттеу құралы математикалық сауаттылық жүйесінің компоненттерін көрсететін пунктердің сәйкес теңгерімінен тұрғаны маңызды.
PISA-2021 математикалық шолуында бағалаудың негізгі тәсілдері математикалық пайымдауларға немесе математикалық есептерді шешуге байланысты үш математикалық процестің біреуіне жатқызылады.
Бағалаудың мақсаты – оқушылардың математикалық тұжырымдалған мәселелермен жұмыс жасауын талап ететін шынайы өмір мен математикалық әлем арасында байланыс орнату (тұжырымдау және интерпретация/бағалау), математикалық пайымдау мен қолданудан тұратын екі процесс арасындағы тең өлшемді қамтамасыз ететін теңгерімге қол жеткізу. Математикалық пайымдау элементтерді тұжырымдау, түсіндіру және пайдалану кезінде байқалатыны рас болса да, бұл тек бір бөлікке ғана ықпал етеді. 9.1-кестеде математикалық пайымдау мен математикалық есептерді шығару бойынша балдардың біркелкі бөлінуі келтірілген. Математикалық сауаттылық бойынша алдыңғы зерттеулерде тұжырымдау (25%), қолдану (50%) және интерпретация (25%) арасындағы балдар 1:2:1 қатынасында бөлінген болатын.
9.1-кесте. PISA-2021 зерттеуіне арналған математикалық пайымдау мен процестер арасындағы балдардың шамамен бөлінуі
PISA-2021 зерттеуінде жинаған
балдың пайызы
Математикалық пайымдаулар
Шамамен 25
Математикалық есептерді шығару
Жағдайды математикалық тұрғыдан тұжырымдау
Шамамен 25
Математикалық ұғымдарды, фактілерді, процедураларды және пайымдауларды қолдану
Шамамен 25
Математикалық нәтижелерді интерпретациялау, қолдану және бағалау
Шамамен 25
Барлығы
100
Математикалық пайымдау (дедуктивті және индуктивті) жағдаяттарды бағалау, стратегияны таңдау, логикалық қорытындыларды құрастыру, шешімдерді әзірлеу және сипаттау және осы шешімдердің қолданылу аясын негіздеуден тұрады. Оқушылар келесі әрекеттерді орындауда математикалық тұрғыдан пайымдайды:
анықтау, тану, ұйымдастыру, байланыстыру және ұсыну;
құрастыру, бағалау, қорытынды жасау, негіздеу, түсіндіру және қорғау;
интерпретациялау, пайымдау, сынау, жоққа шығару және квалификациялау.
Жағдайды математикалық тұрғыдан тұжырымдау процесі келесі іс-әрекеттерден тұрады:
тізімнен сәйкес модельді таңдау;
нақты контекстегі проблеманың математикалық аспектілерін табу және маңызды айнымалыларды анықтау;
проблемалар немесе жағдаяттардағы (заңдылықтар мен қатынастарды қосқанда) математикалық құрылымды тану;
жағдаяттар мен проблемаларды математикалық талдауға бейімдеу үшін жеңілдету (мысалы, жіктеу арқылы);
контекстен алынған кез келген математикалық модельдеу мен жеңілдетудің негізінде жатқан шектеулер мен болжамдарды анықтау;
қажетті айнымалыларды, символдарды, диаграммаларды және стандартты модельдерді қолдана отырып, жағдаятты математикалық түрде ұсыну;
проблеманы математикалық тұжырымдамаларға сәйкес ұйымдастырумен қоса, басқаша түрде ұсыну және сәйкес болжамдар жасау;
есепті математикалық тілге аудару;
белгілі проблемаларға немесе математикалық тұжырымдамаларға, фактілерге немесе процедураларға сәйкес келетін проблема аспектілерін тану;
жағдаяттық проблемаға қатысты математикалық қатынастарды көрсету үшін есептеу құралдары жиынтығы ішінен таңдау және ең тиімдісін пайдалану;
есепті шығарудың қадамдары көрсетілген нұсқауларды құру.
Атап айтқанда, математикалық ұғымдарды, фактілерді, процедураларды және пайымдауларды қолдану процесі келесі іс-әрекеттерден тұрады:
қарапайым есептеулерді орындау;
қарапайым қорытынды жасау;
тізімнен сәйкес жауапты таңдау;
нақты және жуық шешімдерді табуға көмектесетін технологияны қосқанда, математикалық құралдарды қолдану арқылы математикалық шешімдерді іздеу стратегияларын әзірлеу және жүзеге асыру;
шешімді іздеуде математикалық фактілерлі, ережелерді, алгоритмдерді және құрылымдарды қолдану;
сандармен, графикалық және статистикалық мәліметтермен және алгебралық өрнектер мен теңдеулермен, геометриялық көрсетілімдермен жұмыс жасау;
математикалық кестелер мен диаграммаларды қолдану, олардан математикалық ақпаратты алу;
шешімді табу процесінде түрлі деректер қолдану немесе бір ұсыныстан екіншісіне ауысу;
шешімдерді табу үшін математикалық процедураларды қолдану нәтижелеріне негізделген жалпылау мен болжамдар жасау;
математикалық аргументтер туралы ойлау және математикалық нәтижелерді түсіндіру және дәлелдеу;
қарастырылып отырған (немесе ұсынылып отырған) заңдылықтардың және деректердегі заңдылықтардың маңыздылығын бағалау.
Математикалық нәтижелерді интерпретациялау, қолдану және бағалау процесі келесі іс-әрекеттерден тұрады:
графикалық түрде және/немесе диаграммада ұсынылған ақпаратты интерпретациялау;
математикалық нәтижені жағдаят көзқарасынан бағалау;
математикалық нәтижені қайтадан нақты өмірлік контекске интерпретациялау;
нақты тапсырма контексінде дұрыс математикалық шешімді бағалау;
нәтижелерді қалай түзету немесе қолдану керек екені туралы қорытынды жасау үшін нақты әлемнің математикалық процедура немесе модельдің нәтижелері мен есептеулеріне қалай әсер ететінін түсіну;
проблеманың контекстін ескере отырып, математикалық нәтиженің немесе қорытындының мағынасы бар немесе мағынасы жоқтығын түсіндіру;
математикалық түсініктер мен математикалық шешімдердің масштабы мен шекарасын түсіну;
болжам жасау, дәлелдеу үшін дәлелдемелер ұсыну, ұсынылған шешімдерді тексеру және салыстыру үшін математикалық ойлау мен есептік ойлауды қолдану.
PISA зерттеуінің математика элементтері білімнің математикалық мазмұнын көрсету үшін таңдалады. Сауалнаманың мақсаты – ұпайлардың тең бөлінуін қамтамасыз ете отырып, контенттің санаттары бойынша пунктерді үйлестіру, өйткені бұл бөліктердің барлығы сындарлы ойлайтын, қызығушылығы мол және рефлексивті азаматтар үшін маңызды.
9.2-кесте. PISA-2021 зерттеуі үшін мазмұндық бөлік бойынша балдардың шамамен бөлінуі
Мазмұндық бөлік
PISA-2021 зерттеуінде жинаған балдың пайызы
Өзгерістер мен қатынастар
Шамамен 25
Кеңістік пен пішін
Шамамен 25
Мөлшер
Шамамен 25
Анықталмағандық пен деректер
Шамамен 25
Барлығы
100
Мазмұндық бөліктің әрбір категориясындағы элементтер қиындық пен математикалық қажеттілік деңгейіне ие болуы керек екенін атап айтқан жөн. PISA-2021 зерттеу тұжырымдамасына жауап беретін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және бағалау, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауға бағытталған зерттеулермен салыстырғанда тексеру тапсырмаларының мазмұны мен формасын анықтау тәсілдерін өзгерту қажеттілігіне әкелді. PISA зерттеуіндегі математика бойынша тестілік тапсырмалар контекстілік түрде ұсынылады. Әрбір тапсырмада белгілі бір жағдаяттың сипаттамасы беріледі және 1-ден 3-ке дейінгі сұрақтар ұсынылады. Онда жағдаяттың сипаттамасы мен сұрақтың өзінде ұсынылған ақпаратты қолдану арқылы шешуге тура келетін мәселелер қойылады. Сондықтан бұл тапсырмалардың орындалу сәттілігі пәндік біліммен қатар, мәтінмен жұмыс істеу білігіне де байланысты. Оларға келесі іс-әрекет түрлерін жатқызуға болады:
мәтінді толық және сыни тұрғыдан түсінуді қажет ететін есептерді шығару;
шешу барысында тапсырманың шарттарын сақтау;
ұсынылып отырған жағдаяттың шеңберінде шешімді табу және алынған шешімді жағдаяттың сипаттамасы аясында интерпретациялау кезінде шарттардың (шектеулердің) орындалуын өздігінен бақылау;
нақты проблема контексінде әртүрлі формада (мәтін, кесте, бағаналы немесе дөңгелек диаграмма, диаграмма, сурет, геометриялық фигураның көрінетін және көрінбейтін элементтерін белгілей отырып сурет салу) берілген мәліметтермен жұмыс жасау.
PISA-2021 зерттеуінде математикалық сауаттылықты бағалауға арналған ашық құрастырылған жауап, жабық құрастырылған жауап және таңдалған жауапты (бірнеше таңдау) қажет ететін үш типті тапсырмаларды қолдану бағалаудың ерекшелігі болып табылады.
Ашық құрастырылған жауап оқушыдан кеңейтілген жазбаша жауап беруді талап етеді. Бұндай тапсырмаларда оқушыдан жасалған қадамдарды көрсетуін немесе жауаптың қалай алынғанын түсіндіруді сұрауы мүмкін.
Жабық құрастырылған жауаптар проблемалардың шешімдерін ұсынудың құрылымдық нұсқасын қамтамасыз етеді және олар дұрыс немесе бұрыс деп оңай бағаланатын оқушының жауабынан тұрады. Көбінесе оқушылардың бұндай сұрақтарға жауаптары автоматты түрде кодталуы мүмкін.
Жабық құрастырылған тапсырманың жауаптары ретінде сандар жиі қолданылады. Мұндай жағдайда берілген нұсқалардан бір немесе бірнеше жауап таңдалады. Бұл сұрақтардың жауаптары автоматты түрде өңделеді.
Оқушылардың жауаптары сұрақтың құрылымына байланысты кодтар бойынша жіктеледі. 9.3-кестеде нәтижені көрсететін кодтардың сипаттамасы ұсынылған.
9.3-кесте Оқушылардың жауаптарын қабілет топтары бойынша жіктеу
Жауап жоқ
Толық емес жауап
Толық жауап
‘0’ және ‘9’ кодтарының сипаттамасы
‘1’ кодының сипаттамасы
‘2’ кодының сипаттамасы
Функционалды математикалық сауаттылық бойынша төмен нәтиже көрсеткен оқушылардың жауаптарын көрсетеді.
Функционалды математикалық сауаттылық бойынша орташа нәтиже көрсеткен оқушылардың жауаптарын көрсетеді.
Функционалды математикалық сауаттылық бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылардың жауаптарын көрсетеді.
Арнайы кодтар, ‘Код 0’ және ‘Код 9’, қабылданбайтын жауаптарға қолданылады.
Код 0: дұрыс жауаптар қатарына жатпайтын, қате, түсініксіз жауап берілгенде қойылатын код.
Код 9: жауап берілмеген немесе «–» (минус таңбасы), «білмеймін» деген жауап берілген жағдайда қойылатын код.
Математика бойынша тапсырмалар жағдаятты ауызша сипаттаудан тұрады, оған көбінесе кесте, диаграмма, график, сурет, сызба түріндегі қосымша мәліметтер, сондай-ақ осы жағдаятқа байланысты бір немесе бірнеше сұрақ қоса беріледі. Бірқатар сұрақта тапсырманың басында ұсынылған жағдаяттың қосымша сипаттамасы (шарттары немесе сандық деректері) ұсынылады. Оның үстіне, көптеген жағдайда келесі сұрақтарға жауап беру үшін жағдаятты сипаттаудағы деректерді ғана емес, сонымен қатар алдыңғы сұрақтарға жауап беру кезінде алынған деректерді де қолдану қажет. Жалпы, оқушыларды тестілеуге бөлінген уақыт шектеулі болғандықтан, жағдаяттар өмірге мүмкіндігінше жақын таңдалады.
Өткен жылдардағы PISA математикалық зерттеуінің нәтижелері бірнеше нұсқада ұсынылған. Әр қатысушы елде таңдалған оқушылардың математиканы меңгерудің жалпы деңгейінің бағалары алынып, олардың бірқатар деңгейлері анықталды. Сондай-ақ, әр деңгейдегі оқушыларға тән математикалық сауаттылық дәрежесінің сипаттамалары әзірленді (2.2- кестедегі 2 тапсырманы қараңыз). PISA-2021 зерттеуінде PISA зерттеуінің алдыңғы циклдарындағы жалпы математика бойынша бекітілген алты біліктілік деңгейі төмендегідей кеңейтіледі: 1-деңгей 1а деңгейіне өзгертіледі, ал дағдыларды сипаттайтын кесте 1b және 1c деңгейлеріне дейін кеңейтіледі. Бұл қосымша деңгейлер біліктілік шкаласының төменгі деңгейінде тұрақтаған оқушылардың нәтижелеріне анағұрлым толық есеп беруді қамтамасыз ету үшін қосылды.
Математикалық сауаттылықты көрсетудегі нәтиже көбінесе математиканы оқып үйрену кезінде қалыптасатын логикалық және есептік ойлаудың танымдық әмбебап әрекеттерін, есептерді шешудің жалпы әдісін игеруге байланысты.
Артқа
Алға
PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий
PISA жаһандық білім беру саласындағы ауқымды мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, статистикалық дерек, есеп және зерттеудің қуатты ағынын қалыптастырады. Негізгі принциптер мен құралдарды әзірлеудің тұжырымдамалық әдістері, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу тәсілдері әлемнің әр түкпіріндегі ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады. Нәтижелердің ресми мәлімдемесі әлемнің жетекші мамандары қатысатын халықаралық ғылыми форумдарда талқыланады. Статистикалық деректерге шолу экономистердің ғана қызығушылығын туғызып қоймай, трансұлттық корпорациялардың, білім министрліктерінің, мемлекеттік емес ұйымдардың және, әлбетте, бұқаралық ақпарат құралдарының да назарын аударады. 2000 жылдан бері жүргізілген 7 бағалау циклын ауқымды салыстырмалы зерттеу негізінде алынған деректерді егжей-тегжейлі талдау (2018 жылдан бастап PISA тестілеуі тек компьютер арқылы жүргізіледі), сондай-ақ деректер мен ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде қалыптасқан қадамдық әрекеттер мен ұсыныстар оқуға, білім алушылардың өзіне және оқу құралдарына қатысты тәсілді өзгерту керектігі туралы түсініктің қалыптасуына алып келді. Бірқатар жүйелік өзгерісті біртіндеп жүзеге асырудың шұғыл қажеттігі пайда болды. Бірінші кезекте тиісті мамандарды оқытуға және өскелең толқынға арналған білім беру бағдарламасын әзірлеу, тәжірибелі тренерлерді алдын ала даярлай отырып, жаңа бағдарламаларды іске асыру үшін біліктілікті арттыратын ауқымды курстарды көбейту, білім алушыларды шешім қабылдауға, ашық талқылауға қатысуға, іс-әрекетте дербестік танытуға және функционалды сауаттылықты дамыту үшін әрі оқудағы, әрі өмірдегі тәжірибесін міндетті түрде пайдалануға ынталандыратын оқыту және бағалаудың жаңа әдістерін ойлап табу және қолдану ерекше маңызға ие.
ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша 2014 жылы орта білім беру жүйесінің оқу бағдарламасы толықтай қайта қаралып шыққан, соның нәтижесінде білім беру жүйесін дамытуға арналған барлық ұсыныс пен тенденция PISA-2012 зерттеуінің нәтижесін, сондай-ақ қоғам мен әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, орта білім беру жүйесін жаңарту қажеттігіне бағытталды.
Орта білімнің жаңа стандарттарын енгізуді көздейтін жаңартылған мазмұнды «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе отырып әзірлеген. Биыл ел үкіметі білім алушылар игілігіне 500 мыңдай компьютер таратты. Одан бөлек, білім беру ресурстары жұмысының қолжетімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етілуде, интернеттің сапасы контентке қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей деңгейде.
Кезекті PISA-2022 зерттеуіне бір жыл қалған қазіргі уақытта, біріншіден, жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру процесін бақылау өзекті. Екіншіден, білім алушының күрделі жазбаша мәтіндерді түсінуі; талдау процесінде, ғылыми танымды көрсетуде және жаратылыстанушылық-ғылыми құбылыстарды, оқиғаларды және процестерді интерпретациялауда, сондай-ақ оқудағы теорияны өмірдегі ситуацияларда қолдануда негізгі ақпаратты сүзіп алу қабілеті; күрделі мәселелерді шешуде ерекше тәсілдерді іздестіріп, креативтілік танытуы бағаланатын PISA форматындағы тапсырмаларды қолдана отырып, алдын ала диагностика жүргізу маңызды. Үшіншіден, проблемалы аймақты анықтап, нәтижеге байланысты мақсатты және қарқынды даярлықты тез арада бастау қажет.