1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»
Таңдау компоненті пәні
Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 4 кредит
Курс: 2
Семестр: 3
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 180 сағат
оnline – 20 (Дәрістер – 16 сағат; Тәжірибелік сабақтар – 6 сағат, СОӨЖ – 4 сағат );
offline – 160 (кейс және СӨЖ) Бақылау түрі: Емтихан ( жазбаша) – 3 семестр
2. Нысан, мақсат пен міндет Пән нысаны: «Қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы» жоғары филолоиялық білімнің оқу жоспары бойынша міндетті пәндер қатарына кіреді. Пән қазақ тілінің сөз таптарын, категорияларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі.
Пәннің мақсаты –студенттерге морфология саласы бойынша теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы ерікін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.
Пәннің міндеттері – болашақ мамандардың қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру; практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфолгиядан бағдарламалық материалдарды меңгертіндей шеберліктерін қалыптастыру;студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту және морфология саласы бойынша ғылыми жұмыстарды (реферат, баяндама т.б.) жазу барысында қолдана білуге төселдіру.
3 Пререквизиттер мен постреквизиттер
3.1 Пререквизиттер -Тіл біліміне кіріспе
- Қазіргі қазақ/орыс тілі
-Тіл білімінің негіздері
3.1 Постреквизиттер
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы;
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі;
Жалпы тіл білімі.
4. Білім, іскерлік, дағды мен құзіреттілікке қойылатын талаптар Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер
білуге тиіс: - сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, граммтикалық форма, грамматикалық категория); сөздің құрамы және морфемалардың түрлері; сөз формалары және оалрдың жасалу тәсілдері, түрлерін біліп, морфологиялық талдау жасай алуы керек;
- сөз таптары, олардың жіктелуі; зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесін, синтаксистік сипатын; сын есім, оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік қызметі; сан есім, оның лексика-семантикалық, морфологиялық, семантикалық өзгешелігін, семантика-морфологиялық топтары; есімдіктер және олардың мағыналық топтарын; етістіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипатын, етістік формаларының жүйесін; үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі; еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфолгиялық, синтаксистік сипатын; одағайлардың түрлері, қызметі; модаль сөздер, олардың ерекшеліктерін біліп, практикада қолдана алуы керек.
- өзінің, сонымен қатар кәсіби қызметін зерттеу тәсілінің әдістерін меңгеруі, келелі жағдайларда кәсіби біліктілікті азаматтық жауапкершілікпен үйлестіре отырып, сындарлы жұмыс істей алуы керек.
- отандық тарих, философия, қазақ және шет тілдері, ақпараттық технологиялар, экология бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгеруі керек.
- лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының жалпы теориялық базасын, сонымен қатар арнайы дайындық негізін қалайтын бағдарлық теориялық білімін білуі керек.
Істей білуі тиіс:
теориялық және эксперименталды лингвистика саласындағы өзіндік жұмысқа қажетті және жеткілікті нақты тілдік материалды лингвистикалық талдауды меңгеру керек;
педагогикалық қызметте өзінің шығармашылық, зерттеу тәсілін қолдана алуы керек.