Бағдарламасы «Қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»



бет2/3
Дата19.05.2023
өлшемі174,5 Kb.
#95373
түріБағдарламасы
1   2   3
1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы «Қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»
Таңдау компоненті пәні
Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 4 кредит


Курс: 2
Семестр: 3
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 180 сағат
оnline – 20 (Дәрістер – 16 сағат; Тәжірибелік сабақтар – 6 сағат, СОӨЖ – 4 сағат );
offline – 160 (кейс және СӨЖ)
Бақылау түрі:
Емтихан ( жазбаша) – 3 семестр


2. Нысан, мақсат пен міндет
Пән нысаны: «Қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы» жоғары филолоиялық білімнің оқу жоспары бойынша міндетті пәндер қатарына кіреді. Пән қазақ тілінің сөз таптарын, категорияларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі.
Пәннің мақсаты – студенттерге морфология саласы бойынша теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы ерікін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.
Пәннің міндеттері – болашақ мамандардың қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру; практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфолгиядан бағдарламалық материалдарды меңгертіндей шеберліктерін қалыптастыру;студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту және морфология саласы бойынша ғылыми жұмыстарды (реферат, баяндама т.б.) жазу барысында қолдана білуге төселдіру.


3 Пререквизиттер мен постреквизиттер


3.1 Пререквизиттер
-Тіл біліміне кіріспе
- Қазіргі қазақ/орыс тілі
-Тіл білімінің негіздері
3.1 Постреквизиттер

  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы;

  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі;

  • Жалпы тіл білімі.



4. Білім, іскерлік, дағды мен құзіреттілікке қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер
білуге тиіс:
- сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, граммтикалық форма, грамматикалық категория); сөздің құрамы және морфемалардың түрлері; сөз формалары және оалрдың жасалу тәсілдері, түрлерін біліп, морфологиялық талдау жасай алуы керек;
- сөз таптары, олардың жіктелуі; зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесін, синтаксистік сипатын; сын есім, оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік қызметі; сан есім, оның лексика-семантикалық, морфологиялық, семантикалық өзгешелігін, семантика-морфологиялық топтары; есімдіктер және олардың мағыналық топтарын; етістіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипатын, етістік формаларының жүйесін; үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі; еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфолгиялық, синтаксистік сипатын; одағайлардың түрлері, қызметі; модаль сөздер, олардың ерекшеліктерін біліп, практикада қолдана алуы керек.
- өзінің, сонымен қатар кәсіби қызметін зерттеу тәсілінің әдістерін меңгеруі, келелі жағдайларда кәсіби біліктілікті азаматтық жауапкершілікпен үйлестіре отырып, сындарлы жұмыс істей алуы керек.
- отандық тарих, философия, қазақ және шет тілдері, ақпараттық технологиялар, экология бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгеруі керек.
- лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының жалпы теориялық базасын, сонымен қатар арнайы дайындық негізін қалайтын бағдарлық теориялық білімін білуі керек.
Істей білуі тиіс:

  • Сөз таптарын ажырата білуі тиіс;

  • әр сөз табының ерекшеліктеріне қарай талдау жасай білуі тиіс;

  • морфологиялық талдау жасай білуі тиіс;

  • лингвистикалық әдебиетті түсініп, талдай білу;

  • теориялық және эксперименталды лингвистика саласындағы өзіндік жұмысқа қажетті және жеткілікті нақты тілдік материалды лингвистикалық талдауды меңгеру керек;

  • педагогикалық қызметте өзінің шығармашылық, зерттеу тәсілін қолдана алуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет