Бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы мәдени-этикалық тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамасы»



бет4/6
Дата18.12.2022
өлшемі29,75 Kb.
#58009
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәрбие тұжырымдамасы бойынша 8 бағыт

БЕСІНШІ БАҒЫТ –
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне, экологиялық қызметтің уәждемесі мен тәжірибесіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне, туған өлке табиғатына, жергілікті, аймақтық және ғаламдық экологиялық проблемаларға; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі қызметке; адам-дардың өмір сүру жағдайын анықтайтын табиғат ортасына; «Жасыл экономикаға» және энергияны сақтауға; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; мемлекеттің, өз өлкесінің экономикалық дамуына, инновациялық технологиялар енгізуге; кәсіптік білімге және еселі еңбекке; қоғамның материалдық жағдайын жақсартуға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; нарықтық экономиканың заңдарына; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа позитивті көзқарас танытуы.
Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б.;Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.
АЛТЫНШЫ БАҒЫТ –

Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; қарым-қатынас мәдениетіне; сөз мәдениетін сақтауға; эстетикалық түсініктерді жетілдіруге; көркемдік мәдениет саласында эстетикалық мұраттарға, өнердегі және болмыстағы мінсіз сұлулыққа шығармашылық қабілеттер қалыптастыруға; ойлауға және шығармашылық қиялға, шығармашылық қызметке мәдениетаралық әрекетке; мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін білуге; толеранттылық пен ғаламдық пікір қалыптастыруға; көпмәдениетті тұлға қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс танытуы.
Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер; үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет