Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): рухани-адамгершілік құндылықтарға, көпшілік мақұлдаған мораль нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; адамгершілік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне, рухани және нәтижелі қызметте шығармашылық әлеуетін іске асыруына; адамгершілікке жат қылықтар, руханисыздық, бедерсіздік (нигилистік) көріністеріне; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына; діни құндылықтарға жоғары адамгершілік байланыс орнатуы.
Іске асыру механизмдері: оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру; қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту; «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жетілдіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
ҮШІНШІ БАҒЫТ – Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өзге де халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім мен жауапкершілік танытуы.
Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер. Этнопедагогика кабинеттерін ашу және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимні, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
ТӨРТІНШІ БАҒЫТ –. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы ар-қылы): отбасына; аға буынға, атасына, әжесіне; ата-анасына – әкесіне, анасына; аға-бауырлары мен апа-қарындасына; туыс-қандарына; отбасы мүшесі ретінде өзіне; өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға; адамгершілік қағидаларды қолдау арқылы отбасының құндылықтарына және дәстүрлеріне; балаларының оқудағы және шығармашылықтағы табысы,мектептегі тәрбие процесінің жетістіктері үшін ата-аналарға; ата-аналардың мектептегі іс-шараларды өткізуге; балалардың психологиясына, дүниетанымына құрметпен, ұқыпты қарауы.
Іске асыру механизмдері: Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; репродуктив денсаулық орталықтары, мамандардың кеңесін, бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» фестивальдері, жақсы тәжірибесі бар отбасылармен кездесулер, бала тәр-биесіне көңіл аудармаған отбасыларға қоғамдық, педагогикалық ықпал көрсету; балаларының теріс қылықтарына ата-ананың жауапкершілігін күшейтуде ҚР-ның заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.