Бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы мәдени-этикалық тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамасы»



бет5/6
Дата18.12.2022
өлшемі29,75 Kb.
#58009
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
ЖЕТІНШІ БАҒЫТ –
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне; қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына; өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа; Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне; Интернет-сауаттылыққа; жауапкершілікті мінез-құлыққа және туындаған ақпараттық нәтижеге; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға ұмтылуы және қызығушылығын білдіру.
Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс қызмет, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылығы бойынша сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, оқушылардың бірлескен жобалық жұмыстары; зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-техникалық конференциялар; дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, БАҚ, сайттар, кітапханаларды дәріптеу; психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.
СЕГІЗІНШІ БАҒЫТ –
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылығы; қауіпсіздік пен өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға; жаңа ортаға бейімделуге ықыласын және даярлығын көрсетуі.
Іске асыру механизмдері: сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, волонтерлық қозғалыстар; дене тәрбиесі және салауатты өмір салты сабақтары, спорттық секциялар мен үйірмелер, ақпараттық-ағарту курстары, экологиялық форумдар, ғылыми жобалар, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, репродуктивті денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу жөніндегі семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарлары; ақпараттық-диагностикалық материалдарды дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру; мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру және абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б. арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет