Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы малын союды ұйымдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес кейіннен өткізуге арналмаған орындарда ауыл шаруашылығы малын союға тыйым салынады.
Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы малы сою пункттерінде, алаңдарда не ет өңдеу кәсіпорындарында сойылуы тиіс.
Сою алдында ауыл шаруашылығы малы сою алдындағы ветеринарлық тексеру- ге және еті союдан кейінгі ветеринарлық-санитарлық сараптауға жатады.
Союдан кейінгі ветеринарлық тексеру нәтижелері бойынша ұшаға «алдын ала қарап тексеру» таңбасы қойылады.
Сою пункттері немесе ет өңдеу кәсіпорындары болмаған кезеңде ауыл ша- руашылығы малын сою және мал мен оның сойылған өнімін ветеринарлық тек- серу сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы малын сою алаңдарында) жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы малын сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорында- рында сойған кезде ұшасы ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасының немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не- гізінде Ветеринарлық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринар- лық анықтамамен бірге жүреді.
Ветеринарлық анықтамада сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) берілген күні мен нөмірі көрсетіледі.
Малдан алынатын өнімдер (ет және ет өнімдері) мен шикізатты ішкі сауда объ- ектілерінде өткізуге Ауыл шаруашылығы малы ережелерінің талаптарына сәйкес сойылғандығын растайтын ветеринарлық құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.
Малды карантиндеу тәртібі
Малды карантиндеу дегеніміз – диагностикалық зерттеулер мен ветеринар- лық залалсыздандыру жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын малды оқшаулап ұстау.
Ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес әкелу, сатып алу, тасу, орнын ауыс- тыру, келтіру:
малды қауіпсіз аймақтан ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ере- желерді сақтай отырып, мал сою нысанында (ет өңдейтін кәсіпорындарда) сани- тарлық союды жүргізу үшін оларды іске асыруды қоспағанда және олар бойынша мәліметтерді ветеринарлық құжатта және ауыл шаруашылығы малдарын бірдей- лендіру (АЖБ) бойынша деректер базасында көрсету;
буферлік аймақтан қолайлы аймаққа;
қолайсыз аймаққа;
вакцинасы бар қолайлы аймақтан вакцинасы жоқ қолайсыз аймаққа;
вакцинасы жоқ қолайлы аймақтан тиісті ветеринарлық өңдеуден өтпей, вак- цинасы бар қолайлы аймаққа рұқсат етілмейді.