Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне байланысты ке- лесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
сырғалау (тоғыз айлыққа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорын- дарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнер- кәсіптік өсіруге арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
таңбабасунемесечипсалу (жылқылар үшін);
татуировка (тоғыз айлыққа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпо- рындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнер- кәсіптік өсіруге арналған торайлар үшін).
Ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринарлық паспорт беру тәртібі
Ветеринарлық ұйымдардың ветеринар дәрігері ауыл шаруашылығы жануары- на жеке нөмір берген сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жануардың иесіне ветеринарлық паспорт береді.
Ветеринарлық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Паспорт нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес ке- леді.
Ветеринарлық паспортқа деректерді ветеринарлық ұйымның ветеринарлық дәрігерінің қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық өңдеу- лер және диагностикалық зерттеулер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарларының жынысы, түсі, жасы, қо- сымша белгілері) дерек қорға енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пун- ктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринар дәрі- герлері, ветеринарлық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдей-
лендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринарлық ұйымдарға тізімде- ме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде иелері тапсырады.
Ветеринарлық паспорттың үзінді көшірмесін алу керек болған жағдайда вете- ринарлық ұйымның кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порта- лы арқылы және осы Қағидада көрсетілген 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринарлық паспорттың үзінді көшірмесін алуға өтініш қабылданып, тиісті үзінді көшірме беріледі.
Берілгенмодульагробіліктіліксаласындабіліміміздіжоғарылатуғамүмкіндікбередіжәнеболашақтаматериалдардымалшаруашылығыменөсімдік шаруа-шылығымен айналысатындарға бизнес-жоспар әзірлеуде қолдануға болады. Келесі7-модульдебизнес-жоспарлаунегіздерінқарастырамыз.