Мемлекеттік гранттар беру механизмі:
мемлекеттік грантқа өтініш берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш беру арқылы алуға;
жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарай- ды, мемлекеттік гранттарға үміткерлердің тізімін жасайды және оларды Комиссия- ға жібереді;
ӨКП-дегі комиссия қажетті құжаттарды қарап, мемлекеттік грант беру тура- лы ұсыныс дайындайды және алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұ- мыспен қамту орталығы тиісті қорытынды жасайды;
пікір беру үшін, қажет болған жағдайда, ӨКП комиссиясы мемлекеттік грантқа өтініш білдірген тұлғалардан жеке сұхбат жүргізеді немесе қосымша құ- жаттарды сұрайды;
қорытынды шыққан соң, жұмыспен қамту орталығы өтініш берушіні үш жұ- мыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді;
ӨКП мемлекеттік гранттар тағайындаған күннен бастап, 12 ай ішінде қа- ражатты мақсатты пайдалануды және жобаларды қолдау (маркетингілік, заңдық, бухгалтерлік және өзге де қызметтерді) көрсетуге көмектеседі және мониторинг жүргізіліп тұрады.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік гранттар беру ережесінде айқындалады.
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Прези- дентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм- кіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.
Бағдарлама мақсаты: аймақтық кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және жаңа тұрақты жұмыс орында- рын құру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Ауылдық елді мекендердегі, шағын қалалар мен моноқалалардағы кәсіпкер- лерді қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру;
Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкер- лердің өндірістік әлеуетін арттыру;
Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкер- лердің, кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту;
Өндіріс көлемін ұлғайту;
Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
Шағын және орта бизнестегі халықты жұмыспен қамтуды арттыру;
Шетел валютасының ауытқуына байланысты валюталық тәуекелдерді несие- леуге жол бермеу;
Кәсіпкерлікті ақпараттық-аналитикалық қолдау;
Кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру;
Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру; 11.Іскерлік байланыстарды кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |