Бағдарламасы «бастау бизнес»


Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары



бет16/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:


  1. кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласын- дағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микро- кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

  2. кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:

  • ауылдық елді мекендерде (оларың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамы- ту үшін – 5,0 мың АЕК-ке дейін;

  • қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;

  • Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;

  1. номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды;

  2. ЕДБ/МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ-ға Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кре- дитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдар- ды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комисси- ялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері «АШҚҚҚ» АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуі тиіс;

  3. ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қара- мастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

  4. негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспай- тын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

  5. МҚҰ/КС/ЕДБ/«АШҚҚҚ» АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кре- дит/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жо- баларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;

  6. қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту са- ласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекен- дерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша ай- қындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асы- ратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін кре- диттер/микрокредиттер беру тетігі:

  1. үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талап- тарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту ор- талықтарына жүгінеді;

  2. микробизнес ашуды жоспарлайтын, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курста- рынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және қызығушылық та- нытқан үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

  3. халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ-да тексеру нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микрокредит беру қағидаларын- да көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға жіберіледі;

  4. МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/ микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны береді және шешім қабылдайды;

  5. МҚҰ/КҚ/«АШҚҚҚ» АҚ шағын несие берілген күннен бастап, тоқсан күн ішін- де микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын бақылайды. Микрокредиттерді ны- саналы пайдалану туралы есеп тоқсан сайын жүзеге асырылып отырады, шағын не- сие беру туралы ережелерде белгіленген нысан бойынша, есепті кезеңнен кейінгі 10-күнге дейінгі мерзімде шағын несиелік МҚҰ/КС ұйымына ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет