Бағдарламасы «бастау бизнес»


Бизнес-идея дегеніміз не?



бет49/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Бизнес-идея дегеніміз не?


«Мен өз бизнесімді жасағым келеді, бірақ мен не істеу керектігін, қалай бастау керек екенін білмеймін...». Бұл сұрақ сізді ғана емес, осы аудиторияда отырған- дардың жартысынан көбін мазалайды. Жауап тек қана сіздің идеяңыздың негізінде қалыптасады. Жақсы идеяға жету үшін сізге Гарвардтың дипломдары, MBA серти- фикаттары қажет емес. Тек айналаңыздағы қоршаған ортаға назар аударып, ойла- нуыңыз керек.
Жақсы бизнес жақсы бизнес-идеядан басталады. Бизнес-идея ұсынылатын бизнестің қысқаша және нақты сипаттамасы болып табылады. Сіз өзіңіздің биз- несіңізді бастамас бұрын, сіз өзіңіз қалайтын бизнес түрі туралы нақты түсінікке ие болуыңыз керек.
Бизнес-идеялар әртүрлі болуы мүмкін, олар келесі факторларға әсер етеді:

  • жасы;

  • жынысы;

  • геолокация;

    • әлеуметтік мәртебе;

    • тілектер;

    • мүдделер;

    • проблемалар;

    • қиялдар;

    • айналадағы адамдар;

    • күнделікті кесте;

    • энергия (физикалық қабілеттер);

    • шектеулер (жеке, адамгершілік);

    1. БИЗНЕС-ИДЕЯНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН (ӨМІРШЕҢДІГІН) ТАЛДАУ. SWOT-ТАЛДАУ


Ең алдымен, «Болашақ бизнесіңіз туралы айқын түсінігіңіз бар ма?» деген сұраққа жауап іздеуіміз қажет. Ол үшін өз идеяларыңызды жақсылап жасақтап, олардың әрқайсысын кезекпен зерттеп-зерделегеніңіз аса маңызды. Табысты биз- нес-идея – табысты кәсіпорынның кепілі! (Сіздердің тараптарыңыздан сіздің ау- данға лайықты деген 2-3 идея мысалын келтіріңіз).


Неге мұндай бизнесті жүзеге асыру керек?


Саланы таңдауда неғұрлым транзакциялық шығындар аз болса, соғұрлым жұ- мыс істеу оңайырақ болады. Моншаға клиент жинау мен компьютер сатып алуға клиент шақыруға кетететін шығындардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Алайда бірінші жағдайда сіз 100 000 теңге, ал екіншісінде – 10 000 теңге та- быс табасыз және уақыт пен ресурстарды 10 есе емес, одан аз жұмсайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет