Бағдарламасы «бастау бизнес»


Бизнес-идея жайлы нені білу қажет?



бет50/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Бизнес-идея жайлы нені білу қажет?


Табысты кәсіпорын сонымен бірге клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттан- дырады және күткен үмітіңізді жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, кәсіпорныңыз адамдарға оларға қажеттіні немесе сатып алғысы келетін нәрсені шамасы ке- летін және төлеуге дайын бағаға сатады немесе сұранысы бар өнімдермен ай- налысуыңыз қажет, бірақ бұл кәсіпорын сізге жеткілікті кіріс әрі жеке қанағатта- нушылық алып келуі тиіс.
Бизнес-идеяларыңызды дамыта отырып, 4 негізді құрайтын сауалға жауап бе- руіңіз қажет:

  • Кәсіпорынның мүмкіндігіне есептеліп арналған клиенттердің қажеттіліктері қандай?
  • Кәсіпорын қандай тауарды немесе қызметтерді сататын болады?


  • Кәсіпорын тауарды немесе қызметті кімге сатады?

  • Тауарды немесе қызметті клиенттерге қалай жеткізіп бермекшісіз? Клиенттердің қажеттіліктері қандай?

Сіз жауап беруге тиіс алғашқы сұрақ: кәсіпорын клиенттердің қандай қажет- тіліктерін қанағаттандыратын болады?
Бизнес-идеяңыз үнемі клиенттер мен олардың қажеттіліктеріне бағдарлануы тиіс. Бизнес-идеяны дайындау кезеңінде әлеуетті клиенттеріңіздің қажеттіліктерін айқындап алу – өте маңызды. Оларға назар аударыңыз! Оны барлық жерден алуға болады:

      • Көп өтпей жұмысқа шығуым қажет. Балаларды қалдыратын ешкім жоқ, үйдің жанында балабақша болғаны жақсы болар еді – идея балабақша ашу.

      • Тракторым тағы сынып қалды, жөндеу үшін білікті механикті тауып алсам ғой

– идея ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу пунктін ашу.

Қандай тауарды немесе қызметті сату керек?


Жауабын күтіп тұрған екінші сұрақ: кәсіпорын нені сатпақшы немесе қандай қызметтер көрсетпекші?
Бизнес-идеяңыз жақсы таныс тауарлармен немесе өзіңіз көрсете алатын қыз- меттермен байланысты болуы тиіс, яғни клиенттер сатып алуға дайын тауарлар немесе қызметтер болғаны дұрыс.
Тауар – өзіңіз өндіретін немесе сатып алып, қайта сататын нәрсе, мысалы: ас- паптар, кондитерлік өнімдер, маталар, киімдер, нан өнімдері, сүт өнімдері және басқалары.
Қызмет көрсету – адамдар үшін жасалатын нәрсе, ол үшін ақша төленеді, мы- салы: шағын мейрамхананы басқару, азық-түлік жеткізіп беру, интернет-кафені басқару, шаштараз, автожуу, жөндеу шеберханасы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет