Тауарлар/көрсетілетін қызметтің өткізу нарығын талдау
БИЗНЕС-ИДЕЯНЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ?
Кез келген жоспарлаудың негізі – бизнес- идеяға негізделеді. Идея – болашақта не істей- тініміз туралы түсінік береді. Бизнес-идея – биз- нес-жоспарлаудың бастамасы, барлық табыстар мен жетістіктер дұрыс таңдалған бизнес-идеяға байланысты болады.
«Өз бизнесіңді қалай бастау керек?» сұрағына кем дегенде үш жауап бар:
Дайын бизнес сатып алу. Дайын бизнесті сатып алудың, әрине, өзіне тән ар- тықшылықтары болады, біріншіден, бизнес сатып алған күні табыс әкеледі, екіншісі
тәуекелдер азаяды, себебі бизнестің өз тұтынушылары бар және т.б. Бірақ дайын бизнес сатып алу қомақты көлемдегі қаражатты бір мезгілде тартуды талап етеді, кей кездері бұл қиындықтарға әкеп соғады.
Франчайзингті (франшиза сатып алу) пайдалана отырып, бизнесті сатып алу, яғни сауда белгісі мен танымал кәсіпорынның технологиясын пайдалану. Франши- за сатып алу – инвестиция жасағысы келетін, бірақ өз бизнесін нөлден бастауға дайын емес кәсіпкерлер үшін таптырмас таңдау. Франчайзинг жаңа кәсіпорынның банкроттық тәуекелдерін азайтуға және бастапқы инвестицияларды қысқартуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, франчайзингтік сатып алушы өз бизнесінің иесі ретінде әрекет ете алмайды.
Бизнесті нөлден бастау. Өзіңіздің бизнесіңді құрудың ең қиын жолы – мүл- дем жаңа нәрсе жасау. Негізгі қиындықтар, біріншіден, мүлдем жаңа идеяны құру- мен, ал екіншіден, оны іске асыруда үлкен қауіп бар. Егер сізде капитал жеткіліксіз болса, онда сізге сыртқы инвесторлар мен серіктестерді іздеуге тура келеді. Инве- сторларды табу қиынға соғады, өйткені олардың көбі ақшаларын белгісіз нәрсеге салуға келіспейді. Дегенмен бұл сізді байлық пен мансапқа апаратын жол.
Бірақ қай жолды таңдасаңыз да, сізден өзіңіздің бизнесіңізді қалай дамытасыз, қандай қадамдар жасайсыз, қандай ресурстарды қажет ететін боласыз және биз- нес үшін қанша ақша қажет екенін көрсететін құжаттарды көрсету талап етіледі. Бизнес-тәжірибеде мұндай құжат бизнес-жоспар деп аталады. Кейде бұл атаудың инвестициялық жобаның бизнес-жоспары, жоба үшін экономикалық негіздеме си- яқты синонимдерін кездестіруге болады.
Бизнес-идеяны қалыптастыру үшін:
Сіздің нарықтағы сұраныс жайлы түсінігіңіз болуы тиіс;
Сізге өз тауарыңызды қалай және қай жерде сататыныңызды елестету керек;
Сіздің бизнесіңіз қоғамға қандай пайда әкелетінін білуге тиіссіз. Табысты идея мынаны ұстану керек:
Сатып алушы сіздің тауарыңызға мұқтаж болуы керек, мұқтаж болмаса – биз- нес жоқ. Кей жағдайда сатып алушы сіздің тауарыңыз туралы білмей, бірақ тауардың оған қажеттілігін түсінуі керек. Мысалы, сатып алушы қандай да бір дәрінің бар екенін білмесе де, оның қажеттілігін білу керек;
Сатып алушылар сіздің тауарыңыздың құнын төлей алуы керек. Егер сіз «эко- логиялық таза қаймақ шығара аласыздар ма?» деп сұрасаңыз, он адам «иә» дейді, ал оған екі есе қымбат ақша төлейсіздер ме десеңіздер, жауабы сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.
Идеялармен жұмыс істеу ережелері:
біріншіден, әрқашан жақсы идеяларды жазыңыз (қысқа, бірақ анық болғаны жақсы).
екіншіден, сіздің идеяңыз қанша жерден таптырмас идея болса да, ешкімге таңбаңыз.
үшіншіден, идеяны сатуға, сыйға беруге немесе жариялаудың алдында, иде- яңыз жүзеге асу үшін (сіздің сипаттамаңызға сәйкес) немесе кем дегенде әң- гімелесушіге түсінікті болу үшін оны жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдап шығыңыз.
Бизнесті ұйымдастыру тәсілдері:
Қаржы салымдарынсыз бизнесті ұйымдастыру;
Бастапқы капиталды тарту арқылы бизнесті ұйымдастыру;
Дайын бизнесті сатып алу;
Бизнес-франшизаны сатып алу.
Бизнесті алғашқы капиталсыз бастаудың жақсы жақтары бар:
Біріншіден, қаржы шығындарынан сақтанасыз. Көп болса, өз уақытыңызды жоғалтасыз және тәуекелі төмен. Екіншіден, әртүрлі мемлекеттік тексерулерден (СЭС, салық, т.б) сақтанасыз, олады микробизнес қызықтырмайды.