Тұтынушылар сұранысын сапалы талдау, нарық қажеттіліктерін анықтау, тауарлар өндірісін ұйымдастыру және бәсекелі баға қалыптастыру өнімнің табысты ілгерілеуіне жеткіліксіз екен. Өз тауашасында тұрақты орынға ие болу үшін кәсіпорын өз өнімдерінің өткізу (сату) нарығын қалыптастыруы керек. Компания табысты бола ма, ол нарықта мықты позицияға ие бола ма, қажеттілікті қанағаттандыра ала ма – бұның барлығы тұтынушыларға байланысты.
Сату нарығын ұйымдастыру сапасынан тұтынушылар алдында компанияның дамуы, оның пайдасы мен өз тауашасындағы орны тікелей байланысты. Мұн- да кәсіпорындардың назарын аудару қажет өте маңызды мәселелер бар. Мыса- лы, түпкі сатып алушымен «кері байланыс». Осындай ақпаратты алу үшін сатып алушылармен кері байланыс каналдардын ұйымдастырмай, өз кемшіліктеріңізге, сондай-ақ тұтынушылар қалауының өзгеруіне дер кезінде мән беру мүмкін емес.
Ол үшін кез келген ұйымда бірнеше жолы бар:
Тікелей. Бұл жағдайда компания-өндіруші тауарды өткізуге байланысты басқаруды және барлық процесті жүзеге асыруды өзіне алады. Мұндай тәсілдің артықшылығының мәні мынада, яғни өнімді жасаудан бастап, оны тұтынушының сатып алуына дейінгі барлық кезеңге бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ ұйымның тез
және толық «кері байланыс» алу және нарықтағы қажеттіліктер мен үрдістердің өзгеруінде жедел әрекет ету мүмкіндігі бар. Осындай тәсілдің кемшілігі, қосымша қызметкерлердің штатын, логистика бөлімін және т.б. ұстау қажеттігі. Әдетте, тіке- лей әдісті тек географиясы шектеулі, шағын нарықта жұмыс істейтін шағын компа- ниялар қолданады.
Жанама әдіс. Оған тікелей әдісті пайдалану тиімсіз немесе өте үлкен мате- риалдық шығындарды талап еткен жағдайда жүгінеді. Мысалы, өткізу нарығының географиясы кең болғанда. Бұл әртүрлі делдалдарды пайдалану арқылы жасалады.
Аралас. Өнімді сатуда неғұрлым пайдалы әдістерді біріктіреді. Мұндай тәсіл неғұрлым тиімді, өйткені тауарларды сату және нарыққа қатысушылармен қа- рым-қатынас үшін барынша көп арналарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |