5-МОДУЛЬ. САТУ (ӨТКІЗУ) НАРЫҚТАРЫ
Сату (өткізу) нарығының түрлері
Нарық сыйымдылығы
Мақсатты аудитория қажеттілігін талдау
Өңірдегі сату (өткізу) тізбегін құру
САТУ (ӨТКІЗУ) НАРЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Өнімді өткізу нарықтары нарықтың бір бөлігі болып есептеледі. Ол дегеніміз
сатушылар тауарды ұсынатын, ал тұтынушылар оларды сатып алатын белгілі бір экономикалық кеңістік. Сату нарығы белгілі бір тауар нарығының аясында қалып- тасады және дамиды.
Тауардың түрін және оған сұранысты анықтайтын тұтыну сипаттамасына бай- ланысты сату нарығы:
тұтынушылық
кәсіпорын
мемлекеттік мекемелер
аралық сатушылар болуы мүмкін
Аумақтық белгілері бойынша сату нарығы мыналарға бөлінеді:
әлемдік
ұлттық
өңірлік
аймақтық
сыртқы
ішкі
Көрсетілетін қызметтер мен тауарлар нарығын шартты түрде бірнеше бөлікке бөлуге болады:
Сатушы-компанияның негізгі міндеті сатып алушылар санын арттыру болып та- былатындықтан, тауарлар мен қызметтерді сату, жаңа клиенттерді тарту және бар клиенттерді ұстап қалу үшін перспективалы мақсатты аудиторияны жаңылыспай таңдау, сондай-ақ барлық қолжетімді компаниямен сатуды ынталандыру үшін өткі- зу нарығына үнемі маркетингілік зерттеу жүргізу қажет.
Кез келген компанияға, ол тауар өндірсе де, қызмет көрсетсе де немесе сатушы мен тұтынушы арасында делдал болса да маңызды емес, қажеті – өз өтім нарығы- ның болуы. Яғни, ұсынылатын өнімдеріне сұраныс пен өсуге әлеуеті бар компания- ларда. Онсыз табысты бизнес құру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |