Сату (өткізу) нарығына нарықтың сыйымдылығы сипаттамасы тән. Нарықтың сыйымдылығы деп белгілі бір мерзім ішінде осы нарықта сатуға болатын тауарлар мен қызметтердің көлемі түсініледі. Сату (өткізу) нарығының сыйымдылығы конъ- юнктураға байланысты және ауыспалы болып табылады: конъюнктура артқанда, яғни сұраныс өссе, өткізу нарығының сыйымдылығы артады және керісінше.
Өндіруші немесе сатушы өз тауарларын және қызметтерін ілгерілету мүмкіндік- терін бағалағысы, сондай-ақ өсудің мүмкін болатын әлеуетін анықтағысы келгенде зерттеу қажеттілігі туады. Техникалық ірі ойыншылар өздерінің сату нарықтарына үнемі мониторингіні қажет етеді, әйтпесе тұтынушылық сұраныстың елеулі өзгеріс- терін байқамай қалу қаупі бар.
Сату нарығынан сатылым көлемі, орташа баға деңгейі, сатудан түсетін түсім, алынған пайда көлемі және т.б. байланысты. Ең алдымен, соңғы 3-5 жылда сату нарығында өнімнің әрбір түрінің жағдайының динамикасын зерттеу керек.
Нарық сыйымдылығын бағалаудың негізгі тәсілдері:
«Төменнен жоғары». Бұл жағдайда есеп мақсатты (нысаналы) аудитория мен тұтынушыдан бастап жүргізіледі.
Формуласы мына түрде жазылуы мүмкін:
НС = АС × ТН × Өбб,
мұнда НС – нарық сыйымдылығы, АС – аудитория саны (нысаналы), ТН – таңдалған тауардың тұтыну нормасы, Өбб – өнім бірлігінің бағасы. Есептеу үшін статистика деректері қолданылады.
«Жоғарыдан төмен». Есептеу үшін негіз – тауар өндірісі туралы деректер немесе өндірушінің ақпараты. Бұл жағдайда көрсеткіш ұқсас өнімдер шығаратын барлық компаниялардың бөлшек сауда сомасына тең. Егер барлық фирманы қамту мүмкін болмаса, ең ірілері таңдалады, олардың жалпы үлесі шамамен 80-90% құрайды. Деректер ашық есептен немесе сауалнамадан алынады.
Бұл жағдайда ірі дүкендер желісі таңдалады, тұтынушылардың нақты чектері бойынша мәліметтерді алу үшін олармен келісім жасалады. Соның негізінде ха- лықтың таңдауына сәйкес сандық іріктеу жасалады да, алынған нәтиже ел аумағы- на таралады. Ал мақсатты аудиторияны бөле алмайсыз, бірақ нақты сатылымдар- ды динамикада бақылауға болады. Әдісті таңдағанына қарамастан, мына ережені ұстанған жөн: егер мақсатты нарық бірнеше қосалқы нарықтарға бөлінсе, онда кейде нарық сыйымдылығын әр сегмент бойынша анықтау ыңғайлы болады, содан кейін жалпы мәнді табу үшін нәтижелерді қосады.