Басқа жақтан сатып алынатын тұқымдардың тізімі жасалады.
Тыңайтқыш сатып алынады.
Бақша құрал-саймандары мен жабдықтарын тазалап жөндейді.
Жылыжайдың микроклиматы – жылыжай ішіндегі барлық климаттық көрсет- кіштердің жиынтығы: температура, ылғалдылық, жарықтандыру және т.б. Бұл – жылыжайдыңауарайы.
Жылыжай микроклиматының сипаттамасы:
ішкі ауа температурасы сырттағыға қарағанда жоғары болады;
жылыжайдағы топырақ қатпайды;
сырттағы топыраққа қарағанда жылыжайдағы топырақтың температурасы жоғары болады;
өсімдіктерге жететін жарық мөлшері азаяды (көп жағдайда бұл көрсеткіш таңдалған материалға байланысты); Көптеген дақылдардың жеткілікті пісіп-жетілуі үшін көп уақыт керек.
жылыжайға жарық толық түспейді;
өсімдіктерге жел тимейді;
қоршаған ортамен ауа алмасу азаяды (CO2 болмауы мүмкін);
жаңбырдан толықтай қорғау және жасанды суды енгізу қажеттілігі;
зиянды да, пайдалы да жәндіктер өсімдіктерге жолай алмайды;
зиянды жәндіктер жылыжайға кіргенде олар өте қарқынды дами алады, се- бебі жылыжайдағы жағдай қолайлы;
ауаның ылғалдылығы өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктен де жоғары болады;