Галловей сиыры. Шотландияның жергілікті жерінде өсірілген және бұрынғы КСРО аумағында таралды. Бордақыдағы бұқашықтардың тәулігіне қосатын орташа салмағы 800-1000 грамм, ал тірідей салмағы 900 килограмға дейін жетеді. Май жасушаларының көптігіне байланысты бұлшықет тіндерінің меншікті салмағы аз болып келеді. Етті ірі қара малдың кең таралған түрлері – Шароле мен Санта-гер- труда.
Лимузин тұқымы.Лимузин сиыры Франция провинциясынан шыққан. Туған кездегі тірілей салмағы 40 кг-ге дейін тартады және күніне 1,3 кг-ге дейін салмақ қосады. Бұқалары 1200 кг-ге дейін, ал сиырлар 700 кг-ге дейін салмақ тартады. Бұл тұқымдағы сиырлар майда болып келеді, бұзаулары 20-дан 30 кг-ге дейін сал- мақта, ең жоғарысы 40 кг-ге дейін туылады. Бұл сойыс кезінде жас малдың етінің мол болуына мүмкіндік береді. Лимузиндердің тағы бір артықшылығы – тез өсетін- дігі, тәулігіне орташа есеппен салмағы 1 кг-ден асады. Олардың жоғары қарқында тез өсуі жүйелі азықтандыруға байланысты, ол 12-14 айлық бұқалардың тірі сал- мағының 500 кг жетуіне мүмкіндік береді. Тайыншалары жай өседі, олардың күндік салмағы 800 граммнан аспайды, 15 айлық тайыншалар 400 кг салмақ жинайды.
Волын сиырлары.Волын сиырлары Украинада өсірілетін етті бағыттағы ірі қаралардың ішінде екінші орынды иеленеді.
Бұл тұқымдағы сиырлардың ерекшелігі әртүрлі реңктегі қызыл түсті болуында және тоқал мүйізді болып келеді. Дене тұрқы ірі әрі мықты болып келеді. Бұқа- лардың тірілей салмағы – 950-1050, сиырлар – 500-550, бұзаулар туған кезде –
28-32 кг тартады. 15-18 айлық бұқашықтардың тірі салмағы 472-592 кг, тәулігіне орташа қосатын салмағы – 1000-1200 г., бір бас сиырдың 10 кг өсуіне 6,2-8,0 азық бірлігі қажет, сойыс салмағы – 60-66%, 1 кг сүйекке 5,1-6,1 кг сүйексіз ет шығады. Сиырлары сүтті келеді, көп жыл өмір сүреді, жеңіл бұзаулайды.
ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМЫ
Жылқының тұқымы өте әртүрлі, қызықты және кейде өте ерекше. Сыртқы және жалпы түріне байланысты жылқы жегін, мініс, жүк артатын, желіс және бәйге атта- ры болып бөлінеді.