Бағдарламасы «бастау бизнес»


-МОДУЛЬ. БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ



бет119/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

7-МОДУЛЬ. БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ





    1. Бизнес-жоспар туралы түсінік және оның түрлері

    2. Бизнес-жоспардың құрылымы

    3. Бизнес-жоспардың бөлімдері (маркетингілік, ұйымдастырушылық, өндірістік, қаржылық)



    1. БИЗНЕС-ЖОСПАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ




Еркін кәсіпкерлік бизнес-жоспардан баста- лады.
Әрбір кәсіпкер өз қызметін бастай отырып, келешектегі қаржылық, материалдық, еңбек және зияткерлік ресурстарға қажеттілікті анық білуі керек, оларды алу көздерін, сонымен қа- тар фирманың жұмысы барысында ресурстарды пайдалану тиімділігін дәл есептей білуі керек.
Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік қызметтің барлық негізгі аспектілері сипаттала- тын, кәсіпкерге кездесуі мүмкін басты проблемаларды талдайтын және осы про- блемаларды шешудің негізгі тәсілдері анықталатын құжат.
Бизнес-жоспар өз ісін кең ауқымда бастайтын ірі кәсіпорындарға ғана керек деп ойламау керек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл кәсіпкерліктің барлық нысандары мен түрлеріне, әсіресе бұрын өз идеяларыңды мұқият талдау үшін, бұлардың орындылығын, іс жүзінде жасауға болатынын және осылайша сәтсіздік тәуекелін азайту үшін керек. Оған қоса, бизнес-жоспар кәсіпкердің жобаны іске асыруына керекті ақша немесе басқа мүлікті қарызға беретін тұлғаларға ұсыну үшін, ойлаған ісінің іске асатынын әрі несиені, жалға алынған мүлікті қайтара ала- тынын растау үшін де қажет.
Бизнес-жоспар – көздеген бизнесті қысқаша, нақты, дәл, қолжетімді және түсінікті сипаттайтын, әртүрлі жағдайларды қарастырғанда, келешегі бар, күтетін нәтижесі шығатындарын таңдап алуға және оған қол жеткізу үшін керекті қара- жатты анықтауға мүмкіндік беретін ең маңызды құрал. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік береді, сондықтан оны стратегиялық жоспарлаудың ажыра- мас элементі деуге болады әрі істі бақылап, орындауда бизнес-жоспарға жүгінеміз. Бизнес-жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару құралы ретінде де қарау маңызды.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлер өздерінің қызметін дәл және тиімді жоспарламаса, мақсатты нарықтар, олардағы бәсекелестердің жағдайы туралы, сондай-ақ өзінің келешегі мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты үнемі жинап және талдап отырмаса, тұрақты табысқа қол жеткізе алмайды.
Бизнес-жоспар:

  • Кәсіпкерлерге;

  • Несие алу үшін;

    • Инвестициялар тарту үшін;

    • Бірлескен кәсіпорынға;

    • Жаңа жұмыскерлерді тарту үшін;

    • Басқа компаниямен бірігу үшін керек.

Бизнес-жоспар – түсінікті сипатталған, бизнес-жобаны дамыту үшін қаржылық дәл есептер мен стратегиядан тұратын құжат.
Бизнес-модель – бизнес-жүйенің схемалық кескіні, жобаны іске асырудағы бар- лық поцестің қарапайым ұғымы.
Кәсіпкерліктің кез келген түрінде басты ережелер болады және коммерциялық қызметтің барлық саласында, әртүрлі фирмаларда қолданылады. Бұл әлеуетті қиындықтар мен қауіптерден айналып өтуге дер кезінде дайындалу үшін қажет әрі алға қойған мақсатқа жетуде тәуекелдерді азайтады. Бұрын айтылғандай, маңызды міндет – әрекет етіп жатқан және дамып келе жатқан кәсіпорындарға инвестиция тарту, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту. Ол үшін инвестиция қажет ететін жобаларды (ұсыныстарды) ресімдеуді дәлелдеу және негіздеу қажет. Осылар үшін және басқа да мақсаттар үшін бизнес-жоспар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет