Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру қағидалары Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұй- рығымен бекітілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда №11127 тіркелді.
Бірдейлендіруге Қазақстан Республикасы аумағындағы ауылшаруашылығы жа- нуарлары жатады.
Бірдейлендіру мерзімі
Ауыл шаруашылығы малының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлықтан бастап;
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіліп-бағылатын торай- лар – үш айлықтан бастап;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтар- да күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз ай- лыққа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлыққа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру рәсімі:
осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл ша- руашылығы малына жеке нөмір беруді;
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер ба- засын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемле- кеттiк тiркеу тізілімінде №6321 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына ен- гізуді;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринарлық пас- порт беруді қамтиды.