«...Сізқаншалықтыақылдынемесеіскерболғаныңызбен,сіздіңбизнесіңізсізжалдайтынадамдардыңқолында...»Акио Морита,SONYкомпаниясын құрушыжәне иесі
Сіздің бизнесіңіз өсе бастаған сәттен бастап сізге қызметкерлер керек болады. Ал сіз олар үшін жұмыс беруші боласыз. Сіздердің араларыңызда еңбек қатынаста- ры туындайды. Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қызметкерлерді басқару – менеджмент теориясы мен практикасының маңызды аспектілерінің бірі. Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қызмет- керлерді дамытумен, ұйымдағы адам капиталын қалыптастырумен айналысу аса маңызды, қызметкерлердің еңбек дағдыларын жетілдіру және олардың шығар- машылық қабілеттерін ашу үшін барлық жағдайлар жасау қажет.
Басқару процесі өзара байланысқан төрт функциядан тұрады: жоспарлау, ұй- ымдастыру, негіздеу және бақылау.
Жоспарлау функциясы ұйымның мақсаттары қандай болуы керектігі және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйымның мүшелері не істеулері тиістігі туралы шешімді болжайды.
Ұйымдастыру – демек қандай да бір құрылымды құру. Ұйым өз жоспарларын орындай алуы және осылай өз мақсатына қол жеткізуі үшін құрылымдастырылуы қажет көптеген элементтер бар.
Негіздеу – бұл қандай да бір тұлғаны (жеке адамды немесе адамдар тобын) ұйымның мақсатына қол жеткізуге бағытталған ынталандыру процесі.
Бақылау – бұл ұйымның шын мәнінде өз мақсаттарына қол жеткізуін қамтама- сыз ету процесі.
Басқаруды ұйымдастыру мынадай мәселелердің шешілуін болжайды:
өкілеттіктерді бөлу. Қызметкерлерді басқару кезеңдері:
Ресурстарды жоспарлау: болашақтағы адам ресурстарына мұқтаждықты қа- нағаттандыру жоспарын әзірлеу.
Жұмыскерлерді қабылдау: барлық лауазымдар бойынша әлеуетті үміткерлер резервін құру.
Іріктеу: үміткерлерді жұмыс орындарына бағалау және қабылдау барысында құрылған резервтің ішінен үздіктерін іріктеу.
Еңбекақы мен жеңілдіктерді айқындау: жұмыскерлерді тарту, жалдау және сақтау мақсатында еңбекақы мен жеңілдіктер құрылымын әзірлеу.
Кәсіби бағдарлау және бейімдеу: жалданған жұмыскерлерді ұйымға және оның бөлімшелеріне енгізу, жұмыскерлерде ұйымның одан нені күтетіні және қан- дай еңбегі лайықты бағасын алатыны ұғымын дамыту.
Оқыту: жұмысты тиімді орындау үшін талап етілетін еңбек дағдыларына оқыту үшін бағдарламалар әзірлеу.
Еңбек қызметін бағалау: еңбек қызметін бағалау әдістемелерін әзірлеу және оларды жұмыскерге жеткізу.
Лауазымын жоғарылату, төмендету, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан шығару: жұмыскерлерді жауапкершілігі көп немесе аз лауазымдарға ауысты- ру, басқа лауазымдарға және жұмыс учаскелеріне ауыстыру жолымен олардың кәсіптік тәжірибелерін дамыту әдістерін, сондай-ақ жалдау шартын тоқтату рәсім- дерін әзірлеу.
Басшы кадрларды дайындау, қызмет бойынша жоғарылатуды басқару: бас- шы кадрлардың қабілеттерін дамытуға және еңбек тиімділіктерін арттыруға бағыт- талған бағдарламалар әзірлеу.