Бағдарламасы «бастау бизнес»


Интернет-дүкенді қалай ашады?



бет178/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Интернет-дүкенді қалай ашады?


Бүгінде онлайн-дүкендер әлемде танымал болып келеді. Адамдар интернет-дү- кендерден тамақ өнімдерінен бастап тұрмыстық техникаға дейін бәрін сатып алады. Интернетте сатып алу әлдеқайда ыңғайлы және оңай, оны үйден шықпай- ақ жасауға болады. Интернет-дүкендер үлкен және шағын болуы мүмкін. Интер- нет-дүкенді сатқысы немесе қажетті білімге ие болғысы келетін кез келген адам аша алады.
Интернет-дүкен – өнімді интернет арқылы сататын сайт. Пайдаланушыларға интернетте, браузерде немесе мобильді қосымша арқылы сатып алуға тапсырыс беруге, төлем әдісін және тапсырысын жеткізуді таңдауға, тапсырыс үшін ақы төлеуге мүмкіндік береді.
Интернет-дүкен құрып, тауарларды сату үшін ең алдымен:

  1. Нақты не сатқыңыз келетінін анықтау;

  2. Тапсырыстарды онлайн режимде қабылдау, клиенттерді пошта және басқа да веб-қызметтер арқылы қолдау үшін интернет желісі қажет.

  3. Сіздің қойма-кеңсеңіз орналасатын үй-жай қажет. Онда тауарлар сақталып, мекенжайы нақты болады. Осы кеңседен клиент тапсырыс берген тауарын алып кетуіне болады.

  4. Қызметкерлер – сіздің жұмысыңызды қамтамасыз ететін барлық адамның, яғни әкімшінің, жүргізушінің, қоймашының, шеберлердің жұмысына ақы төлеу.

  5. Интернеттегі хостинг – интернеттегі арнайы компьютер, онда сіздің интер- нет-дүкеніңіз жұмыс істейді.

  6. Домендік атау – оңай есте қалатын ағылшын әріптерінің ыңғайлы, жарқын атауы. (Мысалы: domen.kz)

Интернет-дүкендерді әзірлеумен айналысатын компаниялар да бар.

Жалпы, электрондық қызметтердің әртүрлі түрлерін пайдалану кәсіпкерлердің ағымдағы қызметін жеңілдетуді ғана емес, сондай-ақ елімізде де, шетелде де биз- несті жүргізу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Енді сіз «Бизнес-жобаны қорғау» 12-модулінде көпшілік алдында сөйлеу және өз бизнес-жобаңызды тиімді қорғау тәжірибесімен танысып білуіңізге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет