Осы порталда тіркелу туралы қадамдық нұсқаулық 10-модульда берілген.
Сол жерден сіз «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарла- маның» мысалын табасыз.
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы мемлекеттік органдарды хабардар етуге немесе қандай да бір қызмет түріне рұқсат алу үшін, сізге келесі сайтқа http://elicense.kz кіру керек.
Электрондық лицензиялау жүйесі салық және кеден ұйымдарының, мемлекет- тік электронды сатып алу, Ұлттық банк және де басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылған. Осы себепті, сізден лицензиялау ор- ганы талап ететін құжаттардың саны едәуір азайған.
Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен, сіздерге тағы да көмек ретін- де құрылған алаңдардың бірі – Өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту картасы. Бұл өз тұрғысында бизнес-навигатор.
http://www.businessnavigator.kz сайтына өткен кезде Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын көре аласыз.
Осы сайтта еліміздің әр аймағындағы кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктері ту- ралы жан-жақты ақпарат берілген.
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту картасы кәсіпкердің ең маңызды төрт сұрағына жауап береді:
Аймақта не өндіруге болады?
Аймақ неге мамандандырылған?
Экономикалық мамандануды қандай факторлар анықтайды?
Аймақ кәсіпкерлеріне қандай нарықтар маңызды?
Маңызды нарықтарда қандай тетіктер бар?
Экономикалық жағынан кәсіпкерлік қызметпен қай өңірде айналысқан дұрыс?
Аймақта экономикалық концентрация нүктесі қайда орналасқан?
Бизнес-субъектілердің қайсысы дамудың локомативі бола алады?
Берілген экономикалық және нарықтық жағдайларда дамуға аймақта кім бейімделген?
Аймақ бизнес-қоғамының әлеуеті қандай?
Аймақтың нақты бизнес-ортасы қандай?
ерекше, бірінші кезектегі қандай кедергілер бар?
Аймақ кәсіпкерлеріне қандай қиындықтар кездеседі?
Мысалы, картада Қарағанды облысын бассаңыз, келесіні аламыз:
Мұнда минералды-шикізаттық, табиғи-климаттық жағдайларға, бизнес-климат, инфрақұрылым және өткізу нарығы бойынша ақпараттар бар. Осы ақпаратты өз қызметі алдында, бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде зерделеу пайдалы. Мысалы, сіздің бәсекелестеріңіз өз өнімдерін қандай нарықта өткізетінін біле тұра, сіз өз стратегияңызды әзірлей аласыз.