Көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі жеткізіліксіз адамдарда, кафедра немесе трибуна, сахна немесе балкон, жалпы кез келген еден деңгейінен жоғарғы биіктік қорқынышты тудырады. Мұны Э. Морен «сахна қорқынышы» деп атаған, ал Марк Твен сөз сөйлеуге қорқатындарға «Сабыр сақтаңыз, өйткені көпшілік бәрібір сіз- ден ештеңе күтіп тұрған жоқ» деп ұсынды. Ең алдымен, сіз өзіңізге бір қызық жайт- ты баяндап, онымен бір мезгілде барлық қатысушыларды таныстыратын сияқты өзіңізді бейімдеңіз.
Тыңдаушылар сізді қай жағынан көретіндіктерін анықтау үшін, сөз сөйлеу ал- дында бөлмені зерделеу өте маңызды. Орын таңдаған кезде, өзіңіздің бойыңызды ескеріңіз. Сізді барлығы көре алатындықтарын тексеріңіз. Егер бойыңыз аласа бо- лып, трибунада сөз сөйлеу қажет болса, онда трибуна астына мықты тақтайша қою- ды қамдаңыз, әйтпесе «сөйлейтін бас» күлкілі болып көрініп, көрермендер көңілін ұзақ уақыт ұстап тұра алмайды. Шешеннің кеуде деңгейіне дейін көрініп тұруын қадағалаңыз.
Киімі
Үлкен аудитория алдында сөз сөйлеу спектакльді елестетеді, сондықтан баян- дамашының киімінің мәні зор. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде шешенге үстел басында отыруға, биік кафедрада тұруға және т.б. тура келеді және осыны ескере отырып, шалбар мен юбка жеткілікті ұзын, шұлық, аяқ киім толықтай сәйкестікте болуы тиіс.
Өзіңізді жайлы сезінетін, ыңғайлы, жайсыздығымен сізді алаңдатпайтын киім киіңіз. Сізде бірде-бір рет «Маған жарасып тұр ма?» деген ой туындамауы тиіс. Бұрын киілмеген жаңа киімді кимегеніңіз жақсы. Киім және аяқ киім сізге ішкі қолайсыздық тудырмауы және көңіліңізді алаңдатпауы тиіс.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу табыстылығының әмбебап ережелері: сөйлеген сөзіңіз бен қалай көрінетіндігіңіздің арасында үйлесімсіздікке жол бермеу. Ресми жағдайларда қара-сұр костюм, ақ немесе піл сүйегі түстес көйлек пен сәнді мә- нерлі галстук пайдаланған жақсы. Қарама-қарсы түстер, жақсы костюм сізге деген оң көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі және көпшілік алдында сөйлеудің табыстылығына ықпал етеді. Галстук сіздің келбетіңізден назарды басқа жаққа ау-
дармау үшін ашық суретті, сонымен қатар бір түсті болмауы тиіс. Галстук күңгірт матадан, қара-көк, қызыл шарап түсті, әрең көрінетін суреті бар күрең қызыл түсті болғаны жөн. Галстуктің ұзындығы белбеудің белдемшесін сәл жауып тұруы тиіс.
Егер сіздің пиджагыңыз екі түймелі болса, онда жоғары түймесін тағу керек, ал үш түймелі болса, ортаңғы түймесін тағу керек. Егер көпшілік алдында сөз сөйле- генде көзілдірік киюге аса қажеттілік болмаса, кимеген жөн, сондай-ақ зергерлік әшекейлер де қажет емес.
Егер шешен әйел болса, оның киімі ұзын жең, юбкасының ұзындығы – орта- ша (тізеден төмен), тым тар болмауы тиіс. Түстеріне қатысты, ерлерге қарағанда айтарлықтай либералды: түсі жай ғана әйелге жарасымды болуы тиіс. Әйелдер де жарқыраған, көлемді әшекейлерден аулақ болу керек. Аяқ киім қаралау, білінбей- тін гүлдер немесе бір түсті банттармен сәнделген; шұлық аяқ киім түстес болуы жөн. Көзілдірік қарапайым дизайнды және жиектемелері шашының түсіне сай бо- луы жарасымды.
Бейресми жағдайларда (достармен кездесу кештері және т.б.) сөз сөйлегенде киімге қойылатын талаптар үлкен рөл ойнамайды. Қалай киіну өз еркіңізде, қалай дегенмен, есіңізде болсын, егер сіздің сыртқы келбетіңізде көзге түсетін электика- лық (жарқыраған түйреуіш, түрлі-түсті «айғайлап» тұрған галстук, күрделі ою-өрне- гі бар ерекше үлгідегі костюм) нәрсе болса, онда ол сіздің сөзіңіздің мазмұнына көңіл аударуға кедергі келтіреді. Көрермен сіздің сөзіңізге көңіл аудармайды, дәл соны есте сақтап қалады.