Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет177/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Ақшаны үнемдеу. Көбінесе интернет-дүкендер өз өнімдерін нарықтан төмен бағамен ұсынады. Дүкен иесі үй-жайларды жалға алуда, қызмет көрсетуші пер- сонал мен коммуналдық төлемдерде үнемдейді. Бұл тауарды төменгі маржа құ- нын азайтуға мүмкіндік беретіндіктен, тауарларды базарлар мен сауда үйлеріне қарағанда орташа есеппен 20-30% арзан етеді.

  • Ассортимент. Онлайн сатып алудың үшінші артықшылығы ассортименттің көптігінде. Сіз өте шағын ауылда тұрсаңыз да, интернет-дүкен арқылы барлық тауарға қол жеткізе аласыз. Интернет-дүкендерде жергілікті нарықтағыдай киім, техника, парфюмерияны еркін таңдай аласыз. Мысалы, flip.kz интернет-дүкенінде киімнің таңғажайып ассортименті сізді күтуде, ал technodom.kz интернет-дүкенін- де сіз Қазақстандағы кез келген жеріне жеткізілетін техниканы таба аласыз.

  • Үйде өлшеп көру мүмкіндігі. Интернет-дүкендердің көбі сатып алынған зат- ты өз тұтынушыларының үйіне жеткізуге тырысады. Егер өнім сізді қанағаттандыр- маса, сіз оны курьерге қайтара аласыз немесе өз өлшеміңіздегі киімді қалдыра аласыз.

  • Ыңғайлы төлем әдістері. Интернет арқылы заттарды сатып алуға тұрарлық себептердің тізімін толтырады. Бұл карточкалар арқылы төлеу және Қазпоштада не- месе курьерден тауарларды қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төлеуге болады. Интернеттегі барлық сатып алулар «тұтынушылардың құқықтарын қорғау тура- лы» заңмен жақсы қорғалған, оған сәйкес сатып алынған онлайн-өнімді сатушыға

    14 күн ішінде қайтаруға және ақшаңызды қайтаруға болады.

    Электрондық сауда мүмкіндіктері


    1. Тапсырысты рәсімдеу.

    - Тауардың түрін анықтау керек: киім, тамақ, кітап, зергерлік бұйымдар және т.б.

    • Егер өнім анықталған болса, іздеу жүйесінен: «Онлайн кітап» деп теру. Сілте- мелерге сүйеніп, өзіңізге ұнайтын вариантты табасыз.

    • Немесе танымал сайттар болады. Мысалы, amazon.com, ebay.com - Америка мен Еуропадан тапсырыс беру.

    1. Төлем.

    Қажетті тауарларды таңдаған соң, пайдаланушы, әдетте, сайтта төлем әдісін таңдауға мүмкіндік алады.

    1. Банк карточкасы - ақшалай емес есептесу.

    2. Терминалдар - төлем көшедегі төлем терминалдарында жүзеге асырылады.

    3. қолма-қол ақша төлеу - тауарлар сатып алушы тауарды алған кезде тауарлар- ды қолма-қол ақшамен төлеу.

    4. Салынбалы төлем тауарларды алғаннан кейін пошта бөлімшесінде төленеді.

    Алаяқтық операцияларға бейімделген төлем әдістерінің бар екендігіне және олардың адал интернет-дүкендерде пайдаланылмайтынына назар аударыңыз:

    • Western Union аударымы. Аударымның бұл түрі тек жеке тұлғалар арасында ғана қолданылады, төлемді қайтару немесе жоққа шығару мүмкіндігі жоқ.

    • қысқа нөмірге өзгеріссіз сомадағы SMS-хабарламалар. Төлемді қайтару не- месе жоққа шығару мүмкіндігі жоқ. Шағын сомалар, түбіртектер жоқ. Оның қара- пайымдылығына байланысты, ол әртүрлі алаяқтық схемаларда жиі пайдаланылады және әдетте, жоғарыда айтылғандай, арнайы төлем жүйелерімен жұмыс істейтін маңызды интернет-дүкендерде пайдаланылмайды.

    1. Жеткізу

    Сатып алушымен тапсырыс жасағаннан кейін, сатушы байланысқа шығып, тапсырыс берілетін орын мен уақытты анықтайды.
    Жеткізу жүзеге асырылады:





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет