Бағдарламасы «бастау бизнес»


Келіссөздер үдерісінің іргелі қадамдары



бет185/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   200

Келіссөздер үдерісінің іргелі қадамдары


Не істеу керектігінің біріншісі және маңыздысы – ол дайындалу. Басқа емес, неге тап осы нәтижеге қол жеткізгіңіз келетінін анықтап алыңыз. Басқа тараптар- дың болжамды қызығушылықтары туралы өзіңізге сұрақ (сұрақтар) қойыңыз. Егер бұл болжам қате болса да, келіссөздер барысында күтілетін жорамалдарды жасау маңызды. Егер сіздің жорамалыңыз, оқиғалардың барысында тым көп ерекшеле- нетін болса, бәлкім сіздің көзқарасыңызды қайта қарау керек шығар.
Тағы бір қадам өзара түсіністікті орнату болып табылады. Бұл тек қана қашан кездесетіні мен қандай кино жұлдызын сіз «керемет» деп танитындығы жайлы емес, екеуіңіздің көзқарастарыңыздың қиылысатын жері бар екенін анықтау. Егер сіздердің күн тәртіптеріңіз әртүрлі сұрақтардан тұратын болса, онда келісімділікті табу қиынға соғады.
Тану – үдерістің келесі қадамы; есте сақтаңыз, керісінше емес, сіз жабылған ауызбен және ашық құлақпен көп танисыз. Басқалар не айтып отырғанын тыңдаңыз; олардың пікірлеріне байсалды қараңыз. Егер сіз жақсы тыңдай білсеңіз, олардан оң қатынас күтуге болады.
Келіссөздер қадамдап логикалық дамымайды; бірнеше үдерістер параллель жүріп жатады; ашық және жабық күн тәртібіндегі түрлі мазмұндағы сараптамалар өте маңызды. Миыңызды айқын ұстаңыз. Сіздің тәсіліңізді қайта қарастыру үшін тайм-аут алуыңыз мүмкін. Егер де басқалары келіспей жатса, жуыну бөлмесіне бару керектігін айтып, сізге бұл үшін бір-екі минут сұрауыңызға болады. Бұған ешкім де қарсылық білдірмейді, ал бұл ойлану үшін жақсы орын.
Қашан шығу керектігін білу, бұл келіссөз үдерісінің ақырғы нүктесі болуы мүм- кін. Басқа тарапқа келіссөзге қол жеткізгеніңізді көрсете біліңіз. Осымен тағы бір сұрақ байланысты: адамдар сізбен келіскен жағдайда, оларды сендіруді тоқтату керек.

Келіссөздер жүргізу техникасы: ең қарапайым тәсілі – ең үздігі

Тәсіл


Ең қарапайым тәсіл – ең үздігі. Келіссөздерді кіріспеге, цифрларды қоса алғандағы, жаңа нарықтарды, еңбекақыны, себептерін және т.с.с. түйінді мәселе- лерді әзірлеуге және қорытындыға бөліңіз. Қарастырылып жатқан сұрақтарды шешпей, жаңа сұрақтарды қарастыруға кіріспеңіз. Өзара қарым-қатынас: басқа адаммен сөйлесу кезінде көзқарастың қиылысуын сақтаңыз. Бұл сізге алғашқы бетте келісетін немесе келіспейтін белгілерін көрсетеді. Дене тілі: өзіңіздің мі- нез-құлқыңыз бен қимылыңызға негізделген мәнеріңізді қадағалаңыз және олар- ды барынша қысқартыңыз. Дауыс: Сөйлем соңында даусыңыздың бәсеңдеуіне жол бермеңіз. Сөзіңіздің жылдамдығы мен екпінін өзгертуге тырысыңыз. K.I.S.S (Keep It Short and Simple) ережесі: қысқа да нұсқа, және мүмкін болған жағдайда, ыңғайсыз сөздерден сақтаныңыз!
Келіссөздерді құрайтын бес тәсілі

  • Келіссөз техникасы

  • Ымыраға келу

  • Тежеу

  • Логикалық ойлау

  • Эмоциялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет