Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет182/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Қолдау табыңыз


Егер тыңдаушылар арасында таныстарыңыз немесе достарыңыз болса, олардан барынша қолдау сұраңыз. Кез келген тактильді байланыс, қандай да таңғаларлық болса да сіздің пайдаңызда болады. Бұл достық қол алысу, арқадан қағу немесе құшағына алу болуы мүмкін.
Өз сөзіңізді бастамас бұрын, қатысушылар арасынан таныс тұлға іздеңіз. Егер тыңдаушылар қатарында жақын адамдарыңыз жоқ болса, жылы жүзді адамды та- быңыз. Сізге деген жылу ілтипат және позитив сенімсіздігіңізді жеңуге көмектеседі.

Сөзіңіздің вербальды емес бөлігін ойластырыңыз


Сөзіңіздің вербальды емес бөлігінің маңыздылығын жете бағаламауға болмай- ды. Бір қызығы, ақпараттың шамамен 60%-н әрқайсымыз оның вербальды емес көздерінен тұтынамыз. Егер сөздермен біреуді адастыруға болатын болса, онда сіздің ымдарыңыз аудиториямен саналық деңгейде дұрыс оқылатын болады. Сөй- леушінің сыртқы түрі, оған дейінгі қашықтық, дауыс тембрі, баяндау мәнері, мими- касы және интонациясы вербальды емес бөлікке жатады.
Сөз сөйлеу алдындағы өз келбетіңізді ойластыруда, орта статистикалық тыңдау- шыға ұқсастық, аудиторияға әсерді арттыратындықтан, сізге қолайлы жағдай туғы- зады. Бұған киімі, әшекейлері және өзін ұстау мәнері жатады. Егер адамдар сізді өздерінікі деп қабылдаса, онда сөзіңіз жоғары бағаланады. Бұл ретте сөздің арти- куляциясы және дикциясы дұрыс болуы үшін алдын ала дайындалу керек.

Көпшілік алдында сөйлеу кезінде қорқынышты қалай жеңу керек?


Тіпті егер сіз сөз сөйлеу алдында толық сабырға келсеңіз де, сахнаға шығып келе жатқанда қорқыныш сезімі қайта оралуы мүмкін. Осы проблемаларды жеңетін бірнеше кеңестер бар.
Қысымды жеңуге көмектесетін өте танымал тәсіл, аффирмацияларды айту бо- лып табылады. «Мен аудиторияны жақсы көремін, ал ол мені сүйеді», «Барлығы менің сөзімді күтеді», «Мен тыңдаушыларды қызықтыра аламын» және т.б. сияқты оң сөз тізбектерін таңдау қажет.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышын жеңу сұрақтарына жауап беретін, көптеген кеңес бар. Сіз аудиторияда бизнесмендер емес, ұлпа жүнді қояндар отыр деп елестетуіңізге болды. Сондай-ақ жақсы нәрсе туралы ойлау өте тиімді бола- ды, алайда мұндай кеңестерді ерекше қорқынышты бастан кешпейтін, негізінен тәжірибелі шешендер ғана береді. Көпшілік алдында сөйлеуден қорқатын адамдар, қысымды жеңу үшін, осы мақалада көрсетілген кез келген әдісті пайдалануға бо- лады. Егер сіз көп жаттықсаңыз, көп ұзамай қорқынышыңызды біршама еңсересіз.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет