Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет94/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   200

Көшет өсіру


Дақылдардың өнімін ерте алу үшін көшет қолданылады.
Жылыжайда және парникте көшет өсіру ашық жерде қолайлы жағдай туғанға дейін басталады. Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіру үшін тек көшет әдісі қолда- нылады.
Көшеттерді өз мақсатыңа немесе сату үшін өсіруге болады. Бақша өсіретін- дердің көбі көшеттерді сатып алады, сондықтан көшет өсіру бизнесі ауылдарда коммерциялық тұрғыдан бағалы.
Өсіретін көшеттердің орны өте мұқият таңдалуы керек. Көшеттерді белгілі бір жағдайларда сақтау мүмкіндігінен оның сапасы тікелей байланысты болады.
Көшет егілетін жерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Жақсы жарық. Күндізгі жарықтың ұзақтығын арттыру үшін көшеттерді қо- сымша жасанды жарықтандыру қажет болуы мүмкін, бірақ күн сәулесі жақсы және оның барлық артықшылықтарын барынша пайдалану керек.

  • Температураны бақылау мүмкіндігі. Көшеттерді өсіру кезінде температураны қажетті деңгейде ұстап, күндіз және түнде температура айырмашылығын қамтама- сыз ету керек. Түнде температура төмен болуы керек.

  • Көшеттер тікелей тұқымнан егу немесе екпе көшеттерді сирек отырғызу арқылы өсіріледі.

Қайта сиретіп отырғызу деп фазада дән жарнағын немесе нағыз жапырақты қайта отырғызуды айтады.
Таңдау үшін тұқымдар 1 м2 1000 ... 3000 данада отырғызылады, бұл жинаусыз өсіп қарағанда 10 есе артық.
Қайта сиретіп отырғызу үшін тұқымдарды 1 м2 1000…3000 данадан отырғы- зады.
Алғашқы жапырағы пайда болғаннан кейін көшетті тұрақты орынға отырғы- зады, көлденең тамырлардың жақсы өсуі үшін орталық түбірді қопсытады. Қай- та сиретіп отырғызу үрдісі еңбекті қажет етеді, бірақ көшеттердің сапасы мен өсу қарқынына әсер етпейді. Оң фактор жылыжайда өсірудің алғашқы кезеңінде ауданды үнемдеу болып табылады (тиісінше жылытуға жұмсалатын шығынның төмендеуі) және ең мықты көшеттерді таңдауға мүмкіндік береді.
Қайта сиретіп отырғызылған және тікелей отырғызылған көшеттер құмыралар- да, жәшіктерде және жүйекте өсіріледі.
Көшеттердің сапасын жақсарту үшін құмырасыз тәсілмен өсірген кезде оқшау- лағыш төсемдер қолданылады. Бұл үшін полиэтилен пленкасын пайдалану жақсы. Пленкаға қоректік субстратты қалыңдығы 8...10 см толтырылады және көшеттерді отырғызады. Әрі қарай көшеттер өскен кезде пленка тамырлардың жайылуына ке- дергі болады, олар шоғырланады және зақымданусыз басқа жерге отырғызу оңай болады.
Сонымен қатар субстраттағы су режимін мұқият қадағалау керек, себебі ыстық күндері субстрат тез кеуіп кетеді. Өсімдік сау, тамыр жүйесі мықты болып өседі, түсі қою жасыл болады.
Көшеттерді тұқымнан және қайта сиретіп отырғызылған екпелерден өсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет