Іс- әрекет кезеңдері
|
Логопедтің іс-әрекеттері
|
Балалардың
іс-әрекеттері
|
Ынталан-дырушылық
|
Р дыбысын, буында, сөзде, сөйлемде, байланыстырып айтуға машықтандыру
Арикуляциялық жаттығулар;
«Күрекше; Ине; Кесе, Сағат, Ат шауып келеді» т.б
Р дыбысын сөз басында дұрыс айту.
Радио
|
Разряд
|
Радиус
|
Разъезд
|
Разы
|
Рация
|
Рай
|
Ру ракета
|
Ракета
|
Рухани
|
Рақмет
|
Рұқсат
|
Суреттерді ата:
Рахмет, рота,Республика, Рая, Рысбике, артық
қар, қыран, тырна, қарға, торғай, ара, картоп, жапырақ, арпа, арша, тарақ, парақ, айран, қырық, тырма, қияр, қарақат, ара, сырға, торсық.
|
Балала артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Р дыбысын сөз басында дұрыс айтады
Сөздерді созып қайталады
Берілген суреттерді атады
|
Ұйымдас-
тырушылық-
ізденіс
|
Ұсақ қол саусақ моторикасын дамыту жаттығулары;
2. «Гүл»
Әдемі қызыл гүлімнің
Жапырағы ашылды.(алақандарымен ашылған гүл жасайды)
Жел кеп оны тербетіп, (қолдарын тербетеді)
Жапырағын жабады. (жапырақтарын жабады)
Ұйқыға кетер майжырап,
Жапырағын шайқалтып.(гүлдің басын шайқайды).
3.Саңырауқұлақ тақпақ
Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.
Суретпен жұмыс. Сөйлеу дағдысын арттыру
- Балалар, мына суретке назар аударайықшы. Не көріп отырсыңдар?
- Кірпі қайда жүреді?
- Ол не істеп жүр екен?
- Ол нені көрді?
- Балалар, бұл саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақ - ылғалды жерде өсетін қалпақ тәрізді қалқаны бар, гүлдемейтін өсімдік. (суреттен көрсету)
4. Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын «Тез құрастыр»
5. Тақпақ.
Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ. (Р)
|
«Гүл» ойындар
дидактикалық ойын
«Саңырауқұлақ» тақпақты жаттайды
Суретпен жұмыс сурет бойынша сөздік қорларын дамытылды
Балаға 2 бөлікке бөлінген саңырауқұлақты тез әрі дұрыс құрастыруды ұсынамын
Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын өз орнына қойып, саңырауқұлақты құрастырады.
|
Рефлекстік-
жинақтаушы
|
Қорытынды
Саңырауқұлақ болайық,
Тізе бүгіп отырайық.
Жаңбыр жауса көтеріліп,
Өсіп-өсіп алайық.
|
Тақпақ жолдарынан
жаттап алады
|
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырту: Р дыбысын, буында, сөзде, сөйлемде, байланыстырып айтуға машықтандырылды
Түсінуші: Саңырауқұлақ туралы түсінік алды.
Қолдануы: Саңырауқұлақты екі бөлікке бөліп құрастыра білді
Достарыңызбен бөлісу: |